Қазақстанда 21 экстремистік ұйымның жолы кесілді

Бүгінгі күні шетелдердегі террористік ұйымдардың қатарына біздің елдің азаматтарының қосылуы үлкен мәселе болып отыр.

Осы ретте құзырлы органдар біздің азаматарымыздың шетелдегі террористік ұйымдардың қатарына қосылып кетулерін алдын алуда.

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші отырысы барысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев айтты.

“Сот тәртібімен Қазақстанда 21 ұйым экстремистік және террористік деп танылып, республика бойынша олардың іс-әркеті тоқтатылды. Сонымен қатар сот арқылы Сирия және Ирактағы террористердің қатарына қосылуға шақырған бейне роликтер заңсыз деп танылды. Интернетте эсктремистік мазмұндағы жазбаларды таратқаны үшін 660-қа жуық ақпаратық материал мен 700-ге жуық интернет сайттардың өнімдерін жариялауға тиым салынды. Қазақстанда шет елдердің тәжірибесі бойынша дәстүрле емес діни ұйымдардың жетегінде кеткенде мен олардың жақындарының арасында әлеуметтік сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген сауықтыру жұмыстары еліміздегі бас бостандығынан айыру орындарынында отырған діни радикалдардың жартысынан көбін дұрыс жолға салуға мүмкіндік берді, – деді Бас прокурор.

Алайда Дауылбаев әлі күнге дейін экстремизм мен терроризмнің қаупі төмендемей отырғандығын айтты.

“Жаһандық қауіпсіздікті айтқанда әлемнің өзге аймақтарында да белсенді жұмыс жасап отырған халықаралық террористік ұйымдар жөнінде ұмытпауымыз керек. Бірінші орында ол Таяу Шығыс, Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдері. Бүгінгі күні Қазақстан үшін де, әлемнің өзге елдері үшін де азаматарымыздың шетелде террористік ұйымдардың құрамында соғысуы үлкен мәселе болып отыр. Құзырлы органдар біздің азаматарымыздың шетелдегі террористік ұйымдардың қатарына қосылып кетулерін алдын алуда”, – деп атап өтті ол.

Дереккөз: BAQ.KZ