Маңғыстаудың облыстық ауруханасы ақылы қызмет түрлерінің бағасын арттырмайды

742
0
Бөлісу:

20150824214709

Маңғыстау облыстық ауруханасы инфляциялық таргеттеу жағдайында ақылы қызмет көрсетудің бағасын арттыруды көздемегенін жариялап, облыс тұрғындарын қуантты. «Маңғыстау облыстық ауруханасы ақылы қызметтер көрсетуінің бағасы бұрынғы деңгейінде қала бермек. Осындай жағдай жылдың соңына дейін сақталады. Әрине, зертханалық зерттеу үшін химиялық реактивтер бойынша мәселелер туындауы мүмкін. Бірақ зертхана жүйесі жекеменшік ортада жақсы дамығандықтан, зерттеулердің бұл түрі біздің қызметімізде шешуші болып табылмайды. Біз бағаларды жылдың соңына дейін ұстап тұруға тырысамыз, оған қоса заңды тұлғалармен медициналық көмекті көрсету бойынша келісім орнатқанбыз», – деп атап өтті аурухананың директоры Нұрлан Тілепов.

МОА директорының айтуынша, аурухана пациенттерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жылдың соңына дейін қарастырылған. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу уақытылы, келісімге сәйкес жүріп жатыр.

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жиырма + екі =