Маңғыстау облысында балмұздақ шығаратын кәсіпорын ашылды

701
0
Бөлісу:

929-1Жаңа өндірістің ашылуы 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Атап өтейік, Ақтауда балмұздақ шығаратын соңғы кәсіпорын 6 жыл бұрын жабылған.

«Жергілікті тұрғындардың дәмдік әуестігін талдаудан өткізіп, жұртшылықтың тілегін есепке алып, үш түрлі дәмі бар пломбир, яғни майлылығы 12 пайыздық  балмұздақтарды шығардық. Қазіргі кезде тәулігіне мың тонна балмұздақ шығарылып отыр. Бағасы қымбат емес – 35 теңге. Біздің кәсіпорын сүт өнімдерін шығарады, сондықтан көп жабдықтарды сатып алу қажет болған жоқ», – деп баяндады  «Millina Food Production company LTD» директорының орынбасары Сәлім Жақыбов.

Компания ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының, «БЖК-2030» қатысушысы болып табылады, мемлекеттің қолдауымен жабдықтар мен мүлікті сатып алуға несие рәсімдеген. Қазіргі кезде мемлекет «Даму» қоры арқылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қаржыландырып отыр, яғни ЖШС 14 пайыздың тек жартысын ғана төлеуде.

Балмұздақ шығару желісінің өнімділігі жоғары, 6 тонна. Қажеттілік туындаған жағдайда, кәсіпорын балмұздақтың шығарылуын көбейте алады.

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

17 − он төрт =