Жастар жаңа жетекшісін сайлады

1 Ақтау қаласындағы 2-ықшамауданда орналасқан «Ақтау» қонақүйінде Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатының кезектен тыс II конференциясы болып өтті. Жастар жиынында күн тәртібіндегі үш мәселе талқыланды. Алдымен «Ақ жол – жастар» жастар қанатының төрағасы Кенжебек Сержанұлының 2015 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында атқарылған жұмыстарының жарты жылдық есебі тыңдалды. Екінші Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатының төрағасын таңдауды дауысқа салды. Одан кейін ағымдағы әртүрлі мәселелер қаралды. Конференция жұмысына Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әкімдігі қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының және облыстың белгілі еңбек ардагерлері, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия мүшелері, облысқа белгілі ақын-жазушылар, Ауған соғысының ардагерлері, «Ақ жол – жастар» жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен конференцияның жұмысы мандаттық комиссиясын сайлаумен бастау алып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатының төрағасы Кенжебек Сержанұлы 2015 жылдың ақпан-тамыз аралығындағы атқарған жұмыстары туралы жартыжылдық есебін тыңдалып, соған байланысты өз бағаларын білдірген пікірлер айтылды. «Ақ жол – жастар» жастар қанатының төрағасы Кенжебек Сержанұлының Астана қаласына оқуға кетуіне байланысты қызметінен өз еркімен босатылып, жастар қанатының төрағалық қызметіне конференция жұмысы барысында бір ауыздан Сәдірқожа Кенжеғалиев сайланды. Жастар жетекшісі қызметіне сайланған Кенжеғалиев өзіне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, тапсырылған қызметін абыроймен атқаруға сөз берді. Бұдан кейін қоғамдық жұмыстарда өздерінің белсенділігімен көзге түскен жастарға алғыс хаттар табыс етілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі