«Сыбағадан» сыбаға бұйырмай тұр

1470
1
Бөлісу:

1

                2015 жылдың  тамыз  айының 18  жұлдызында  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының  мүшесі Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруа қожалықтарының іргелі істерімен танысты.    

         Кездесу барысында Мәжіліс депутаты жиналған қауымның көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламаға қатысты өз ойларымен бөлісті.  «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат — шағын және орта бизнес пен еліміздегі  мал шаруашылығының үлесін арттыру. Қазір Еңбекші ауданында бұл бағытта мемлекеттен несие алып, ісін дөңгелеткісі келетін шаруалар қатары көп. Бірақ, шарттары тиімді «Сыбаға» бағдарламасын пайдаланып, мал басын көбейту оңайға соқпай отырғаны да бар. Мысалы, бағдарлама бойынша 1 миллион теңге алу үшін банкке құны 2 миллион теңгеге жуық кепілзат қою керек екен. Бірақ мұндай мүлік шаруалардың қолында жоқ. Ауылдағы кей үйлердің бағасы 200 мың теңгеден аспайды. Ал, бір сиырға 150 мың теңге берсе, асыл тұқымды бұқа 400 мыңға бағаланған.  Бастапқыда көпшілікке үміт сыйлаған «Сыбаға» бағдарламасы атына заты сай болмай тұр. Төрт түлікті көбейтемін деушілерге несие беру шарттары қайта қаралса, облыста мал басы үш есеге артар еді дейді шаруа қожалықтары.

«Бұл мәселе Парламентте жиі көтеріліп жүр. Депутаттық сауалдары және басқа да үндеулер арқылы осы іспеттес сұрақтар қойылады. Сондықтан, шаруа қожалықтарының  көтерген бұл мәселесі  қалайда шешімін табады. Осындай қателіктерді түзету, заңға өзгерістер енгізу жоспарда бар» деп ойын түйіндеді  Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков

 

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Сүгірбай 22 Тамыз, 2015 18:46 Жауап

    Банктер бəрібір сол берілген қаржыны игеруге жол бермей қысастық жасай береді.енді тіптен девальвацияны сылтаурататыны анық.Үкіметтің көптеген жобасы дұрыс болғанмен оны іске асырудығы келеңсіздіктер бастан асады

Пікір немесе жауап жазу

бір × бір =