Кәрім Мәсімов: Қазақстан үшін бұдан да қиын кезең тууы мүмкін

984
1
Бөлісу:

Қазақстан үшін бұдан да қиын кезең тууы мүмкін, сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурстар алынбайды.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді.

“Ұлттық қорға қатысты айтар болсақ, бұдан да қиын кезең тууы мүмкін деп есептейміз, сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурстар алмаймыз. Ұлттық қор бізге әлі де керек болады”, — деді Мәсімов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

“Біз Ұлттық қордан бүгінгі таңда алынатын келісімдермен шектелеміз, бұл ағымдағы бюджет үшін 8 миллиард доллар көлеміндегі эквивалент, оған қоса “Нұрлы жол” бағдарламасы үшін 3 миллиард  доллар алынады. Бұл екі сома бұрын долларда келісілген және оларды қолданатын боламыз. Басқа қосымша қаражат алынбайды”, —деп атап өтті премьер.

Дереккөз: ИА «Новости-Казахстан»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Марат 20 Тамыз, 2015 17:08 Жауап

    Бұндай жағдайды тек біздің ел ғана сезіп тұрған жоқ, бұл бүкіләлемдік дағдарыс салдары. Ең күшті экономикасы мықты деген елдердің өзі осындай ахуалда

Пікір немесе жауап жазу

үш × үш =