Әскери теңізшілер жеңіс тұғырынан көрінді

маныстауу                      Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемелері «Каспий теңізі – 2015» халықаралық теңіз биатлоны сайысынан жүлделі орынмен оралды. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қытай және Әзірбайжан мемлекеттерінің кемелер экипажы қатысты. Каспий маңы елдері әскери-теңіз күштері арасында өткен алғашқы жарыста ел намысын «Сарыарқа» және  «Орал» зымыран-артиллериялық кемелер экипажы қорғады. Жеңімпаздарды күтіп алу салтанаты Ақтау халықаралық теңіз сауда портында ұйымдастырылды. Әскерилердің қуанышын бөлісуге облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ғұмаров, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қорғаныс күштерінің ардагерлері, Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері мен ата-аналар жиналды. Халықаралық деңгейде өткен жарыстан жеңімпаз атанып, елге орал­ған ҚР Қарулы Күштерінің әскери теңіз жауынгерлері Сіздерді облыс басшысы Алик Айдарбаевтың атынан жеңістеріңізбен құттықтаймын. Бар­лық мүмкіндіктеріңізді көрсе­тіп, қазақ елінің намысын абырой­мен қорғап, бізге жеңіс сыйлаған Сіздермен әрдайым мақтанамыз. Еліміз Елбасы Н.Назарбаевтың ұс­танған сарабдал саясатының ар­қасында, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру арқылы да­­мыған 30 елдің қатарынан кө­рінетін болады. Бұл тұрғыда Сіз­дердің де қосып отырған үлес­те­ріңіз зор. Еңбектеріңізге табыс, от­басыларыңызға жақсылық ті­лей­мін»,-деді шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Б.Нұр­ғазиева. Халқымызда «Ел қорғау – абыройлы іс» деген аталы сөз бар. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете білсек, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етері сөзсіз. – ҚР Қарулы Күштері теңіз фло­тының сарбаздары бүгін бізге же­ңіс сыйлап, мерейімізді өсірді. Үл­­­кен қуанышпен шын жүректен құт­­­тықтаймын. Қайда барса да, қан­дай жарысқа қатысса да, ел­ге жеңіспен оралуларына тілекші­мін. Осындай шараларды кең ау­қымда насихаттау арқылы біз жас­­тардың бойында патриоттық се­­­зімді қалып­тастырып, Отанының қорғаны бо­луға тәрбиелейтін бола­мыз, - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Ғұ­маров. «Каспий теңізі-2015» халықаралық сайысы Махачкала қаласының ма­ңындағы теңіз полигонында өткен. Жарыста Қазақстан теңіз әскерилері Қытай, Әзірбайжан және Ресей әс­керилерімен дәлдеп атудан сайысқа түсіп, ел намысын абыроймен қор­ғай білді. Жалпы теңіз биатлоны екі кезеңнен тұрды. Алдымен теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне берілген бағдарды барынша жылдам өту, теңізде және жағалауда нысаналарды сәтті жою­дан бақтарын сынаған. Екінші ке­зеңге суүсті корабльдерінің экипаж­дары қатысып, берілген бағдар бо­йынша шағын өлшемді теңіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындаған. Кемелер­ді 30-40 метрге зәкірге қою, арқан­дап байлау және суға кеткен кемедегі адамдарды құтқару бойынша да қабілеттерін көрсеткен. Бұл тапсырмалардан отандық кеме экипаждары сүрінбей өтіп, елге жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. – Қазақстаннан теңіз биатлонына заманауи үлгідегі зымыранды-артиллерия мен навигациялық, штурмандық қару-жарақпен қам­тылған «Сарыарқа» кемесі де  қатысқан болатын. Байқауға біз ұзақ дайындалдық. Біз үшін бұл – тың дүние болатын. Іс жү­зін­де мүмкіндіктерімізді сынап, қо­сымша практикалық тә­жірибе де жинақтадық. Біз барлық тап­сыр­маны ауызбіршілікте жоғары деңгейде орындап шықтық. Эки­паждағы 31 адам өздерінің мүм­кіндіктерін жақсы көрсетті. Дәл осы байқау екі жылдан кейін өткізіледі, сол уақытта бірінші орынды иеленеміз деген сенім­демін, - дейді «Сарыарқа» зымы­ранды-артил­ле­рия­лық кемесінің командирі Рустам Жүнісов. Байқау қорытындысында үз­діктер арнайы медальдармен жә­­не байқау Кубогымен мара­патталды. Тарқатып айтар бол­сақ, «Үздік төреші» аталымын капитан Құсайын Умаров, «Үздік штурман» аталымын аға лейтенант Михаил Калнобрицкий, «Үздік комендор» аталымын кіші сержант Руслан Бекбусинов, «Үздік сигналшы» ата­лымын бас старшина Али Абиев иеленді. Сондай-ақ, Каспий өңірі мемлекеттерінің әске­ри ынтымақтастығын нығайтқаны және әскери қызметтің абырой-беделін арттырғаны үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен Сәкен Бекжанов, Айдос Дамаев, Рустам Жүнісов, Қайрат Шаршанкулов, Медет Сұлтанов марапатталды. – Жолдасым үйде 24 күн болған жоқ. Ұзақ сапарға алғаш рет шы­ғарып салып отырғандықтан, қы­зымыз екеуміз қатты сағындық. Елге жеңіспен оралатынына сендік. Өйткені отағасы, 4-ші жауынгерлік бөлімінің командирі Әділет Бағдабаев – өз жұмысын жақ­сы білетін маман. Бүгін жолдасымды жеңіспен күтіп алып, қатты қуанып отырмын. Өмірімді әскери адамға сеніп тапсырғаным үшін еш өкінбеймін, - дейді Назира Кедер­баева. Жарыстың қорытындысында 1-орынды Ресей мемлекеті иеленсе, 2-орынға Қазақстан мемлекеті лайық деп танылды. Ал, 3-орынға Әзірбайжан мемлекеті тұрақтады.   Ақпарат көзі: Мangmedia.kz.