Qazaq Air алғашқы билеттерін сатылымға шығарды

14 тамыз

Бүгін, 14 тамызда Қазақстанның мемлекеттік жаңа әуе компаниясы – Qazaq Air өзінің билеттерін сатылымға шығарды. Бірінші ұшу уақыты 27 тамызға белгіленген.

pogudx36bkr3s0uji.bd335c3c

Жаңа әуе компаниясының билеттері брондау тетігі бар өзінің ресми сайтында («flyqazaq.com») сатылып жатыр. Веб-ресурстың басты бетінде әуе компаниясы мысал ретінде бірнеше бағыттарды көрсеткен. Атап айтқанда, Алматы-Астана мен Алматы-Шымкент бағдарларын 10 495 теңгеден, сондай-ақ Алматы-Павлодар бағдарын 10 916 теңгеден белгілеген екен. «Qazaq Air» АҚ – Қазақстандағы ішкі бағдарларға қызмет көрсетуге негізделген аймақтық әуе компаниясы. Оның 100 акциясы «Самұрық-Қазына» қорының  иелігінде. Компания биылғы сәуірде тіркеуден өтті. «Qazaq Air» әуекомпаниясы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық және ұлттық талаптарына сәйкес, турбовинтті ұшақтарды пайдаланады.
Дереккөз: ИА "Казинформ"