ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ мерекесіне...  ҚАНІШЕР ИМПЕРАТОР  мүсіні орнатылды!..

Ендеше біз Бату ханның мүсінін  Мәскеуге орнатсақ қалай болады?

Nikolai 2

Иә, Қазақ елінің биылғы ең басты мерекесі - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығында...  елімізді отарлаушы Ресейдің соңғы императоры akim ҚАНІШЕР   НИКОЛАЙ II мүсіні орнатылды!..  Қай жерде дейсіз ғой? Кезінде бар қазақтың басын қосқан ең айбарлы ханы болған Абылайдың ордасы тігілген Солтүстік Қазақстан облысында!..   Облыс әкімі Ерік Сұлтанов  бұған не деп жауап береді?!.

«Бақсақ, бақа екен» дегендей, өздерінің облысында, Қызылжар ауданында, Архангелька ауылында шіркеу аумағына Ресейдің соңғы патшасы Николай екіншінің ескерткіші тұрғызылғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысының билік орындары білмейтін болып шықты.  Содан ғой, озбыр патшаға үш қайнаса да сорпасы қосылмаса да, орасан махаббаты дес бермей, мүсінді орнатушы жергілікті кәсіпкер Петр Вагнер өзін Тәуелсіз Қазақстанда емес... патшалы Ресейде жүргендей ойына dusenova келгенін істеп, еркін тайраңдаған. Әрине,  бұл облыста «қой» дейтін қожайын  болмаса, облыс әкімінің  идеологиялық орынбасары  Анархан Дүйсенованың да, uvp saduakasov облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы  Жанат Садвокасовтың да   (тегіне қарасаң, тегі үміт күтпей-ақ қоюға да болатындай...) өңірдің ішкі саясатының не болып жатқанынан ісі болмаса...  Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков Zhumabekov тұмсығының астындағы заңсыздықты көрмей, қайда қараған? Ал Дін істері басқармасы басшысы Мұратбек Зейнуллин шіркеудегі көңілге шіркеу түсірер істен мақұрым болса, кім көрінген басынбағанда қайтсін?!.  Бұлардың айтуынша, кәсіпкер ескерткіш орнату туралы жергілікті билік орындарынан сұрамаған да, яғни, келісім де алмаған.  «Мүсін шіркеу аймағында мәдени нысан ретінде  орнатылған. Ол жерде Николай ІІ болғанын растайтын тарихи құжаттар барын айтты. Алайда олар мүсінді орнату кезінде біздің udr zeinullinрұқсатымызды алмады. Мен қазір мүсінді қалдыру-қалдырмау мәселесі бойынша жауап бере алмаймын. Тексеріс пен сараптама жүргізу керек. Егер заңға қайшы деп танылса, алып тастау керек», — дейді Мұратбек Зейнуллин Gonzo.kz сайтына берген жауабында. Сонда Солтүстік Қазақстанда  Қазақстан билігі жұмыс істей ме, жоқ па?!.  Мәселе Николай патшаның  біздің жерімізде болған-болмағанында тұрған жоқ қой..? Мәселе оның кім болғанында, қазақ халқының тарихына қатысында  емес пе? Онда солтүстікқазақстандық шенеуніктердің  ұстанымы бойынша «олар да біздің жерде болған ғой» деп, жоңғар қонтайшылары мен қолбасшыларына  шетінен ескерткіш орнатайық та... Баспасөзде, ғаламторда бұл мәселе аз талқыланып жатқан жоқ. Белгілі саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері де «Бұл - ашық арнадатушылық!» деп ашу-ызаларын білдіруде. Әлеуметтік желілерде «біз де Бату, Тоқтамыс хандардың мүсінін Мәскеуге орнатсақ қалай болар екен» деп те жазып жатыр ел. Оның үстіне келесі жылы дәл осы Ресейдің өзінде де  аты жақсы аталмайтын, қанішерлігі үшін  орынды жазғырылып келе жатқан   Николай Екіншінің қазақты қырғынға ұшыратқан 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына қарсы  Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы аталып өтеді. Дәл осы қарсаңда бұл патша мүсінінің орнатылуы да мемлекетіміздің саясатына тікелей қарсылық, заңымызды аяққа таптаушылық! Өткенде ғана Оңтүстік Қазақстан облысында Сталиннің ескерткіші құлатылып, басы балталанғаны белгілі. Осыны біле тұра, қасақана әдейі император Николай екіншінің мүсінін орнатушылардың бұл заңсыз әрекетіне  біздің құзіретті органдар  неге үнсіз отырғанына таңымыз бар? Иә, біз де Мәскеуді бағындырып, талай жыл алым-салық алып тұрған  Алтын Орданың баяғы Бату, Тоқтамыс хандарын  айтпағанда, осы Николайдың  арғы бабасы Николай біріншінің кезінде патша өкіметінің зәресін кетірген кешегі Кенесары ханның мүсінін  Санкт Петербургке орнатсақ қалай болады? Ақыр хан бабамыздың басын жасырып ұстап отыр, мүсінін де бір-ақ орнатып берейік.. Бұндай заңсыздыққа  заңдылықты қадағалаушы Бас прокуратура не дейді? Солтүстік Қазақстан облысы әкімі, Абылай ханның  тілінен гөрі император Николайдың  тілінде жақсы сөйлейтін Ерік Сұлтанов неге осы уақытқа дейін үнсіз,  жайбарақат қарап отыр?!.

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz

   

maksim rojin

iakov

54abc9bb0c375.jpg

Мұрат Әбенов:

Есть ли в Северном Казахстане наша МЕСТНАЯ ВЛАСТЬ? 

Или там давно все пущено на самотек? Кто-то сам решил установить памятник "государю Императору самодержавцу Всероссийскому Николаю II , на территории Кызылжарского района. И это у нас в Казахстане где об этом царе у населения сохранились только самые негативные воспоминания за жестокую колониальную политику. Я не хочу задаваться вопросом к инициаторам проекта : зачем смешивать религию и политику? Межконфессиональное согласие это особая ценность. Я даже не ставлю вопрос о "провокационности" таких действий, на фоне происходящих геополитических событий. Еще не забыли жесткую реакцию общества на установку памятника Сталину в ЮКО. И все это происходит в годовщину празднования 550 летия Казахского ханства, который мы и так проводим МАКСИМАЛЬНО СКРОМНО ..... Мне кажется Генеральная Прокуратура РК должна ответить на вопросы общественности: 1) Не нарушено ли земельное законодательство? Для чего бизнесмен получил участок? Если для храма это одно, если для памятника это уже другое.  2) Есть требование в законодательстве по архитектурной и градостроительной деятельности. Что на этом месте предусмотрено генпланом поселка , района? Предусмотрен ли памятник? Есть ли проект? Кто проводил экспертизу и кто утверждал?  3) Не нарушены ли таможенные процедуры, в части перемещения культурных и художественных ценностей?  4) По Конституции мы светское государство . Религия отделена от государства и соответственно от политической деятельности. Памятник на территории религиозного учреждения установлен не виде религиозной святыни , а только с указанием политической должности : "государь император ... самодержавец .. Всероссийский".  5) Насколько законно использовании на памятнике установленного в РК символики другого государства?  6) Любые памятники в РК устанавливаются согласно решений соответствующих государственных органов . Есть ли такое разрешения у инициаторов возведения памятника?  7) Конституция и законы РК обязательны к исполнению на территории РК . Контроль должны осуществлять государственные органы. В данном случае наблюдается БЕЗДЕЙСТВИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ ОБЯЗАННЫХ КОНТРОЛИРОВАТЬ ИСПОЛНЕНИЕ ЗАКОНОВ. Какие меры будут применены к местным чиновникам СКО?  Понятно что любые невнятные ответы на данные вопросы , могут послужить основой для слухов и домыслов. Не способность госорганов применять действующее законодательство снижает доверие к органам власти. История и народная память , религия и межнациональное согласие слишком тонкие и чувствительные сферы общественных отношений. Госорганы должны четко и оперативно регулировать такие процессы, не допуская возможности нарушения законов. В таких случаях надо в первую очередь жестко наказывать наших нерадивых чиновников , из-за не профессионализма , не достаточной принципиальности в отстаивании государственных интересов , не проведении должной разъяснительной работы среди населения. Скорее всего акимат не принял необходимых мер предупреждения возникновения конфликтной ситуации, пустил вопрос на самотек, и сейчас комментируют постфактум, хотя все это происходит у них под носом. Я больше чем уверен , что если бы в данном случае местными исполнительными органами были бы заранее предупреждены инициаторы о возможном нарушении закона , то можно было бы не допустить незаконных действий. Как правило предприниматели имеют высокий уровень правовой грамотности, и редко идут на открытое нарушения закона.

Gonzo.kz сайтында жарияланған Фейсбук жазбаларынан.