Арман Сқабыл: "Ақ жолдың" Алаш идеялары жұмыстарына бар күшімді саламын!

Aq jol Arman Қазақ бірде "Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман" дейді. Енді бірде "Қайтқан малдан қайыр бар" деп жұбатып қоятыны бар. Қайсысының дұрыс, бұрыс екендігін өмір көрсете жатар. Мен қайтып келдім. Бір кездері жұмыс істеп кеткен "Ақжолыма"! Басыма қиын -қыстау күн туғанда жанымнан табыла кететін дос, аяулы азамат Азат Перуашев Астанадан арнайы келіп, Алматыдағы ұжыммен таныстырып кетті. Меніңше, партияда болу - өмірлік принциптердi өзгерту деген сөз емес. Өзгертпеуге тырысамын. Әсіресе, аталған партияның Алаш идеяларын насихаттаудағы жұмыстарының алға басуына бар күшімді саларым анық. Кешелі бері жаңа қызметпен құттықтап жатқан тілеулестеріме бас иіп, рахмет айтамын.  Арман Сқабылдың Фейсбук парақшасынан