Қарабалин: Ресей зауыттарының тілегін тілеп отырмыз

1242
5
Бөлісу:

Мұнайға бай Қазақстан биыл да бензин үшін Ресейге тәуелді. Жанармайдың  бағасы да, оның халыққа жеткілікті болуы да әлі күнге көршіміздің нарығына байланысты, – деп хабарлайды 31 арна.

benzin_zam[1]

Фото: komiinform.ru

27 шілде де өткен баспасөз мәслихаты барысында энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин «Ресейдің тілеуін тілеп отырмын» деп  ағынан жарылды.

Өйткені, қазіргі таңда елдегі жанармай сұранысының 30 пайызын ресейлік зауыттар қамтамасыз етіп отыр. Ал өзіміздегі қоймаларда 230 мың тоннадай бензин қоры қалған.

Салыстыра кетсек, көктемде 300 мыңдай болған еді. Былтыр және биыл жылдың басында сұранысқа ие бензин түрлері тапшы болып, жүргізушілер жанармай бекеттерін кезіп кеткен болатын.

Мұны Ресейдегі 2-3 мұнай өңдеу зауытының бұзылуымен түсіндірген вице-министр алда не болады дегенде нақты кесіп айтпай, екіұшты жауап берді.

«Енді биылғы жылда бүгінге дейін, құдайға шүкір дейміз ғой, сол Ресейдің зауыттарының да тілегін тілеп отырмыз. Бүгін олар жұмыс жасап тұр. Әрине кейбір облыстарда, кейбір жерлерде тапшылықтар шығып қалуы мүмкін. Ол бірақ басқа да мезгілде болатын нәрсе», — дейді Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

Источник: 31 канал

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Мұқтар 28 Шілде, 2015 15:25 Жауап

    Жанармай керек деп ресейдің тілеуін тілейміз, су керек деп қырғыздың тілеуін тілейміз, киім-кешешек керек деп қытайдың тілеуін тілейміз, сүт пен ет керек деп белорустың тілеуін тілейміз, ең бастысы нұрлы жолымен жүргізіп осындай қалаға жеткізген мәңгілік нұр-патшамыздың тілеуін тілейміз. Тілеушіл халықпыз ғой.

  2. Кітап авторы 28 Шілде, 2015 18:45 Жауап

    «Дәубастықтың» шенеуніктерінің бәрі осындайлар болғасын тіршілік қалай оңады? Өздігінен бұлар бір нәрседе істей алмайды. Бәрі «анау» не айтады күтіп отырады. Оның екі Премьері ұры қылмыскер, министрлері мен әкімдері жемқор болды. Онда қызметтік этика бойынша ол неге отыр тағында? Бұлардың бәрін сыпырып тарих қоқысына халық сенімін ақтамағандар ретінде күреп тастау керек! Түгел тізімін алып «жемқорлық пен азғындық, халқын тонаушы» қоғам орнатқандар деп кейінгі ұрпақтарға арнайы «Шұбар кітап» қалдыру керек. Бұл шенеунік ол кітапқа міндетті түрде кіреді.

  3. қарабала 29 Шілде, 2016 02:44 Жауап

    Мәәшқарағо бензин жоқ. Мұнай әлем бойынша артығымен өндіріліп қойған, бағасы сумен тең.

Пікір немесе жауап жазу

он бір + жиырма =