Грант 2015 тізімінде 39 994 орын бар…

Бөлісу:

UBT 2015 ...

Грант 2015 тізімін күтіп жүргендердің шыдамсыздығы күшеюде. Өйткені, жылда ҰБТ қорытындысы 10-11 тамызға дейін белгілі болатын.

«Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылы бөлінетін мемлекеттік білім гранты 39 994 орын.  Оның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 грант, докторантураға – 623 грант болып отыр. Бұрынғыдай биылда мемлекеттік гранттардың басым көпшілігі техникалық мамандықтарға беріледі. Техникалық мамандықтардың үлесі 42,4 пайызды құрап отыр”, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев.

Биылғы жылғы мемлекеттік гранттардың бөлінуінің тағы бір ерекшілігі – мемлекеттік гранттардың 75 пайызы қазақша  мектеп бітіргендерге бөлінеді.

“Биылғы жылдың мемлекеттің тапсырысындағы басты ерекшелік – гранттардың оқу тіліне байланысты болып отыр. Мемлекеттік гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне және 25 пайызы орыс бөліміне бөлінетін болады. Осы уақытқа дейін гранттар екі тілге шамалас пропорциямен бөлініп келді. Бірақ енді мектеп бітірушілердің үлесі бойынша, қазақ мектебін бітіргендер орыс мектебін бітіргендерден басым. Сондықтан осындай шешімге келдік”, – дейді ол.

Айта кетейік, биылғы жылы 124 379 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 84302 оқушы қазақ тілінде болса, орыс тілінде – 40077. Яғни қазақ тілінде бітірушілердің саны орыс мектептеріне қарағанда екі есеге көп.

Ал ҰБТ-ға қатысуға 87782 өтініш берілген. Қазақ тілінде тест тапсырғандардың саны – 62384. Орыс тілінде тест тапсырғандар – 25 398 оқушы.

Грант 2015 тізімін күтіп жүргендерде шыдамсыздану күшеюде. Өйткені жылда ҰБТ қорытындысы 10-11 тамызға дейін белгілі болатын. Ал биыл ол мезгілден бір апта асып кетсе де, әлі тізім жоқ. Біздің білуіміз бойынша ҰБТ 2015 тізімі  таяуда, алдағы дүйсенбі күні  шығады.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Жамбыл Мадина 18 Шілде, 2015 12:39 Жауап

    Мен орыс тылынсыз 87 жинадым ауылдык квота бар мед академияга тусе аламба?

  2. Жанат Сакенкызы 18 Шілде, 2015 12:40 Жауап

    мен казак класн бтирдим жалпы бал95 орыс тилинсз84 биология тандагам грантка мумкиндик барма психологияга

  3. Қолқоюсыз 18 Шілде, 2015 12:52 Жауап

    Грант тізімінде бәрі бар ма ? қазақ мектебін бітіргендер биыл көп түсетін болғаны қуантады

  4. сандугаш 18 Шілде, 2015 17:24 Жауап

    Салем)Мен 2015ж тулекпин УБТ ТАЗА 63БАЛЛ ЖИНАДЫМ,АУЫЛДЫК КВОТА БАР.ТАРАЗ КАЛАСЫНДА ТУРАМЫН.ТАНДАУ ПАНИМ АДЕБИЕТ ПЕДАГОГ БОЛГЫМ КЕЛЕДИ,»СЕРПИН»БАГДАРЛАМАСЫМЕН ГРАНТКА ТУСЕ АЛАМ БА?казак мектеби

  5. Бекжигит 7 Тамыз, 2015 01:48 Жауап

    2015 грант тизими кашан шыгады екен аныгырак жазып жиберсениз болама?

  6. Максут 7 Тамыз, 2015 18:28 Жауап

    Мен биыл тестен 87таза жинадым сельски квота бар,конкурса Караганды,турк и Актобе жаздым каисысына тусе алам отыныш аитындаршы? Номерным 8702 744 29 27 уатсап.

  7. سەرىك 29 Қаңтар, 2016 23:20 Жауап

    قازاقشا وقىعاندارىڭنىڭ قازاقشا جازعانى مىناۋ بولسا ورىسشا وقىعاندارعا رەنجىمەيمىن

Пікір немесе жауап жазу

он − он =