“МӨЛТ ДҮНИЕ» – АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН!» атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!

Бөлісу:

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бір шумаққа жиырма мың теңге жүлде тігілген кезекті мүшәйраның қорытындысы шықты.

Мүшәйраның соңғы іріктеуіне дейін  бір айда 30-дан астам ақынның өлеңдері жарияланған болаты. Осы ақындардың өлеңдерін оқып, өз бағасын беру үшін,  17 шілдеге дейін  9700-ден астам оқырман порталға кірген.

Жалпы, аталмыш мүшәйраның ел арасында кең танымалдылыққа ие бола бастағанын аңғарамыз. Бұған дейін өз шумақтарын әлі таныла қоймаған жас өрендер жолдаса, қазіргі уақытта есімі елге таныс ақындар да қызығушылық танытып, өз үндерін қосуда. Айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айына арналған бұл мүшәйраға келіп түскен өлеңдердің көбі тақырыпты толық аша білді. Көркемдік деңгейі де айтарлықтай дейгейде. Атап айтар болсақ, Серік Ақсұңқарұлы,  Ырысбек Дәбей, Марат Қаниев, Төлеген Мелла, Мирас Әбіл, Ақылбек Шаяхмет, Әбдіғаппар Айдаров, Сембек Сансызбайұлы, Д.Айманбетов, А.Сағдат, А.Қалшабек, Ж.Жаңқашұлы, М.Әбдімомынов, М.Қойшыбайұлы және т.б. сәтті шумақтар тудыра білген.

Сонымен іріктеуден соң, берілген тақырыпты аша біліп, қасиетті Рамазан айына арнаған шумақтары үздік деп танылған екі ақынның есімі де белгілі болды. Олар – қазақтың белгілі ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы мен қазақ поэзиясына өзіндік үнімен келген талантты ақын Ырысбек Дәбей.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ:

АЛАШ ТҰР ЖҮРЕГІ ЛҮПІЛДЕП…

Құдайға құл болып, «шүкір» деп,
Қараттым Құбылаға бетімді.
…Алаш тұр жүрегі лүпілдеп –
Абайдың жүрегі секілді!

 

Ырысбек ДӘБЕЙ:

Ораза

Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген Шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам…

Үркер төбеден ауғанда тәуекел еткен бұрынғылар,
Еріндері кеберсіп күнді батырып…
Сам жамырап, жұлдыз кірпігін қаққан шақ,
Тұр бізді
Ұлы ғибадаттың шәрбәт дәмі шақырып.

Жүлдегерлер Халық банк карточкасы нөмірін qazaquni.kz порталы поштасына qazaquni@mail.ru немесе 8-707-124-2-124, 8-701-724-2-124 телефондарына жіберуі керек.

 

КЕЛЕСІ МҮШӘЙРА АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЖАРИЯЛАНАДЫ.

ТАҚЫРЫП пен СУРЕТТІ ОҚЫРМАНДАР ДА ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ.

Qazaquni.kz ұлттық порталы

МҮШӘЙРА!!!  «МӨЛТ ДҮНИЕ!..»  БІР ШУМАҚҚА ЖИЫРМА МЫҢ ТЕҢГЕ!

Qazaquni.kz ұлттық порталы  бұрын-соңды болмаған  мүшәйра жариялайды!!!

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бұл мүшәйраға жарық дүниенің  жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір ғана шумақ жазсаңыз жетіп жатыр. Тақырыбын да өзіңіз қоясыз.

Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз, бір ғана шумағыңыз үшін  20 000 теңге аласыз…

Жеңімпазды оқырмандар пікірі  мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.

Мүшәйраға қатысу мерзімі де ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі  мүмкін…  Ақындардың жасына шек қойылмайды. Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру  үшін  пікір-коммент орнына жазылады.

 Мүшәйра арналатын  сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.

Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.

Әділқазылық еткен ақын  аты қорытынды шыққанда жарияланады.

Сонымен, бір шумақ, жиырма мың теңге, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Махамбет Ерғали 18 Шілде, 2015 12:55 Жауап

    «Қазақ үні » ұлттық порталының бір шумаққа 20 мың теңге беретін «Мөлт дүние» мұшәйрасы жаңалық болды. Енді міне, Серік Ақсұңқарұлы сияқты қазақ поэзиясының көрнекті ақындары да қатыса бастады. Ақ жол!

  2. admin 18 Шілде, 2015 13:35 Жауап

    Хабардағы телефон номері өзгерген: Жүлдегерлер Халық банк карточкасы нөмірін qazaquni.kz порталы поштасына qazaquni@mail.ru немесе 8-707-124-2-124, 8-701-724-2-124 телефондарына жіберуі керек.

  3. Жанар 27 Қыркүйек, 2015 17:14 Жауап

    Админ мырза мушайра кай айда болып жатканын корсетинизши. Себеби биз кай мушайранын кезеги екенин билмей жатырмыз.

  4. Несипкул 27 Қыркүйек, 2015 17:17 Жауап

    Админ мырза мушайра кай айда болып жатканын корсетинизши. Себеби биз кай мушайранын кезеги екенин билмей жатырмыз.

  5. Ержан 20 Сәуір, 2016 20:22 Жауап

    Мүшәйраның қай уақыт аралықтарында өтетіні туралы ақпараттар нақты болса

Пікір немесе жауап жазу

1 × бес =