Зейнетақы қорындағы қаржы 2-ші деңгейлі қаржы институттарына берілмекші

1161
1
Бөлісу:

Теңге бағамын өсіреміз деп елді елең еткізген ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің зейнетақы қорындағы қомақты қаржыны екінші деңгейлі қаржы институттарына береміз дегені де қоғамның қызу талқысына түсті деп хабарлайды 31 арна.

2714-1Kelimbetov

2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде тұралаған банктерге мемлекет көмекке келіп еді. Сол кезде қаржы институттарының сыртқы қарызы 40 миллиард долларға жеткен. Соның жартысынан көбін үкімет сатып алып, екінші деңгейлі банктерді сақтап қалған болатын. Енді ел экономикасына тірек болады деген банк секторына тағы мемлекет араша түспекші.

“Биыл зейнетақы қорлары арқылы банк секторына 500-600 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұл сома Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының түсіміне байланысты болмақ. Қазіргі кезде банк аралық нарықта ликвидтік проблема жоқ”, – дейді Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

500-600 миллиард деген бүгінге дейін жалақысының 10 пайызын беріп келген 10 миллионнан астам салымшының жинағы.

Қазіргі таңда зейнетақы қорында 5 триллионға жуық қаржы жиналған екен. Оның үстіне төленетін шығындардан түсімдердің артық екенін ескерсек, бұл сома өсе беруі тиіс. Алайда, ұлттық банк өкілдері банктерге берілетін қаржы салымшылардың жинағына тағы да пайда қосады деп сенеді.

“Олар бізге пайда ретінде аудара қояды деп ойламаймын. Ол банктерге түсетін пайда. Біздің қаржының арқасында банктер көрейін деп жатыр”, – дейді қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмутова.

Алайда, Ұлттық банк төрағасының сенімі күшті. Сабырлы кейіппен өзгелерге де алаңдамауға кеңес берді.

Дереккөз: 31 канал

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

он екі − 12 =