Аудан әкімін өз үйінде атып тастады

Шығыс Қазақстанда аудан әкімін өз үйінде атып тастады

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданының әкімшілік орталығында өз үйінен аудан әкімі Алтайбек Сейітовтің денесі табылды, деп хабарлады жергілікті атқаршу билік бөліміндегі дереккөз ҚазТАГ агенттігіне.

аким «Расымен, бүгін, 14 шілдеде әкімнің мәйітін оның (Күршім ауданындағы – ҚазТАГ) үйінен таптық, қазір полиция өлімге не себеп болғанын анықтауда, бірақ бұл өз-өзіне қол жұмсайтын адам емес», – деп хабарлады сейсенбі күні әңгімелесуші. Аудан тұрғынының айтуынша, кеше ауданда жергілікті мәслихат сессиясы мен аудандық әкімдік отырысы өткен. Осы ретте, әңгімелесуші атап өткендей, Алтайбек Сейітов депутаттар көтерген проблемаларды талқылауға белсенді қатысып, өзіне жұмыс жазбасын жүргізіп отырған. «Алтайбек Сейітовте қиындықтар болған еді, Семейде («Семей инжиниринг» АҚ – ҚазТАГ) қорғасын кәсіпорнының жетекшісі болған оның ұлының ұсталғаны бәріне аян, полиция әкімге өмірден кетуге «жәрдемдесті» дегенді жоққа шығармайды», – деп атап көрсетті дереккөз. 63 жасар Алтайбек Сейітов 2007 жылдан бері аудан әкімі болып жұмыс атқарып келген. www.nur.kz