Талғат Ермегияев 4,2 млрд теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды деп айыпталуда

Бөлісу:

“Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ” акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев заңсыз сыйақы есебінде 4,2 млрд теңге көлемінде қаржы алды деп айыпталуда.

талгат ермегияев

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шайымова мәлім етті.

“Талғат Ермегияев “Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының бірқатар лауазымды тұлғаларымен және мердігер компанияларының басшыларымен бірге аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта тергеу амалдары кезінде Ермегияев жымқырылған қаражаттың ішінен заңсыз сыйақы есебінде 4,2 млрд теңге көлемінде қаржы алған. Қазіргі кезде 10 адам қамауға алынды”, – деп атап өтті ол.

Талғат Ермегияев Қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-тармағы бойынша (өзгенің мүлкін жымқыру) күдікті ретінде танылып отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын “Астана ЭКСПО-2017″ құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үйқамаққа алынған болатын.

11 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев “Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ басқарма төрағасы лауазымына елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков тағайындалды.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Ақберен Елтуған 16 Шілде, 2015 16:47 Жауап

    Менен басқа Ел басқаратын адам жоқ деу ҮЛКЕН КҮНА!
    —————————————————————————–

    Назарбаевтың тағайындаған Бас уәзірінен бастап министрлері, әкімдері, ол шен берген генералдарының бәріде ұры, парақор, қылмыскер боп түрмеде, үй қамақта отыр.
    Осындай бардакқа оның өзі мен өзінің құрған жүйесінен басқа кім жауап береді? Ол шынында қартайды. 24 жыл бойы билікте отыр. Елді сақтаймын десе, өзінің абыройын сақтаймын десе, келешекте жақсы атым қалсын десе ертерек елді дұрыс басқарады деген адамға орынды беруі керек. Тақ пен табытты ешкімнің де мәңгілік меншікке иеленуге құқы жоқ! Құдайдан да қорқу керек қой. Адам шайтан емес. Тіптен шайтан да өледі. Ұсыны ұмытпаған абзал болар.
    :oilanu:

  2. Сүгірбай 17 Шілде, 2015 01:24 Жауап

    Ертең шет елге қашады.тезірек қамауға алмаса.мұғалім мен дəрігердің.мүгедектің ауызынан жырып бөлген ақша желкесінен шықты.

  3. алаш 17 Наурыз, 2016 12:24 Жауап

    Өзі кезінде Қонаевты сынамаппа еді отырып алды деп.Сол қақпанға өзі түсті.Күлме досқа келер басқа.

Пікір немесе жауап жазу

бір × 2 =