Сайғақтардың қырылуын зерттеу кезінде екінші белгісіз шар табылды

1994
3
Бөлісу:

Киіктердің жаппай қырылуынан кейін Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы ұйымдастырған экспедиция барысында белгісіз шар табылды деп хабарлады “Наша газета”.

экспед - копия

Бұл жануарлардың 130 000 астамының қырылуы – биологиялық апат. Сайғақтардың жаппай қырылуы бұл жерлерде қауіптің ерекше факторы пайда болды деген ойдың тууына себеп болды.

Мұны анықтау үшін экспедицияның 9 мүшесі еңбектенді. Олардың ішінде зоологтар, инфекциялық аурулар және зымыран-ғарыш қызметі бойынша мамандар болды.

Экспедиция жұмысы 27 маусымда Қызылорда облысында басталып, 12 күнге созылды.

Экспедицияға қатысқан Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутар Торғайда олар бұған дейін жайлауда тапқан шардың екіншісін байқағанын айтты. Оны радиациялық қаупін тексерген, шар Амангелді ауданының полициясында сақтаулы тұр.

Экспедицияға қатысушылардың сөзіне қарағанда, киіктердің қырылуына оның еш қатысы жоқ.

шар

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Темірхан Әбдіков 16 Шілде, 2015 15:22 Жауап

    Қазақ даласының экологиясы күрделі жағдайда тұр. 14 -17 шілде аралығында тоқтаусыз солтүстіктен ыстық дауыл соқты. Бұрын солтүстіктен жел соқса ,күн күрт салқындайтын. Бұл бас қатыратын мәселе. Ескі әңгімелер негізіне сүйенсек ,Көктен қазақ даласына отты жұлдыз құлап , алты ай бойы күндіз отты леп соғып , өзен – көлдер құрғап, адамдарға күнге күйіп қап-қара болып қырылған деседі. Даламыз шалқар, біз бейқам халықпыз. Ішімізді тіліп , бүйрегімізді кесіп жатқанда барып, «не болды?» дейтініміз бар. Бұның бәрі қолдан істелген де болуы мүмкін. Суға дәрі қосуы, шөпке у себуі мүмкін. Осыған арнайы сақшылықты күшейтіп, жер сатып алғыштар, өз меншіктеріне көңіл бөлсін. Жанашырлықты күшейту керек.

  2. Ілесбек Байжанов 16 Шілде, 2015 16:39 Жауап

    Киесі Ұлы Даланың ақбөкені қырылды. Ендігі кезек кімдікі?
    Ресей космодромдары мен полигондары Жер Анамызды қорлауда?!

    Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 60 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.
    Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде.
    Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде. Ресей космос әскерлерінің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр», мына алмағайып заманда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр. Себебі, космодромнан жиі –жиі Камчаткадағы «Кура» сияқты полигондарға сынақ үшін жіберіліп тұратын, СС-18, , НАТО –ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталатын СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстіне космостағы ұшып жүрген ядролық «Космос» сериялы әскери спутниктерді басқарып отырған «Байқоңыр», біз қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те , ядролық қаруы бар елдердің өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бірінші нысана көзі болары даусыз!!!
    Бүкіл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы, ауа құрамының 20,95 пайызы ғана, тіршілікке қажетті оттегінің үлесіне тиеді. Ал енді осы оттегіні тазалап, негізінен бөліп шығаратын, планетаның қос өкпесі саналатын қылқан жапырақты Сібір ормандары мен Оңтүстік Америкадағы Амазонка бассейніндегі тропикалық ормандар мен өсімдіктер әлемі және Орта Азиядағы, оның ішінде біздің оңтүстіктегі Ақсу Жабағлыдағы аршалар екендігі белгілі.
    Байқоңырдан бастау алған ғарыштық ұшырулар елімізге, жерімізге қоршаған ортамызға, оның ішіндегі ең қымбаты халқымыздың денсаулығына орны толмас шығындар әкелуде. Біздің Ұлттық энергетика жүйесі «КEGОКтың» диспетчерлері мен ҚР Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты мекмелер мен әскери бөлімдер Байқоңырдан әрбір ұшатын ракеталарды №1 әскери дайындықпен күтетін болған. «Роскосмос», яғни Қазақстанға «ең жақын одақтас» боп саналатын Ресей әрбір ұшырулардан соң жерімізді, коммуникацияларымызды ата жауға ұқсап ерекше құлшыныспен бүлдіріп жатса, ал бұлар Ресейдің қоқысын тазалаушыларға, қиратқанын біздің елдің есебінен қалпына келтірушілерге айналған. Және бұл олар үшін үйреншікті дағды боп қалыптасқан. Бұған жыл сайынғы 6 ай қыстағы ғарыштық ұшырулардан соң пайда болатын табиғи температуралар ауытқушылығынан әр отбасының үйлерін жылытуға кеткен отындарын (газ, мазут, дизель отыны, көмір, ағаш, электр энергиясын), яғни артық шығындарын қосыңыз. Бала-бақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері, қарттар үйлері мен басқа да мемлекеттік мекемелердің пайдаланған энергокөздерін қаржымен есептеп көріңіз. Осы ұшырулардан пайда болған суықтардың әсерінен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрі – дәрмектерге кеткен халықтың шығыны ешкімді де қызықтырмайды. Оған миында жалғыз ғана қыртысы бар Қазақстан билігінің өресі осы уақытқа дейін жеткен де емес, және жетпейді де?!. Және осы космостық ұшырулардан кейін пайда болатын дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темір жолдарды аршуға, құлаған электр бағандары мен конструкцияларды, елді мекендер мен жолдар бойындағы ағаштардан тазартуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақбөкен, киік, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсіп өлген, гептилден уланып өлген шарана – жандықтары мен аналықтарын, жемістер мен өсімдіктерді тозаңдандыруға тиісті, табиғатқа да, адамға да аса қажетті қырылған бал араларын кім есептеп жатыр? Киелі кітаптарда аралардың қырылуы, ақырзаманның басталуы деп саналған. Өсімдіктерді қорғауға тиісті, шегірткенің қас жауы, адамның достары соңғы жылдары «жақын одақтастың» арамза, қаскөйлік әрекеттерінен жойылып бара жатқан құмырсқа мен құстарды ойлап жатқан жан бар ма? Әрбір авариялық ұшырулардан соң сонау мамонттар дәуірінен бері келе жатқан Ұлы Даланың киесі ақбөкендер жаппай қырылады. Өткен жылдары Батыс Қазақстанға жақын жатқан Астрахань облысындағы Капустин Ярдан ұшып апатқа ұшыраған «сатаналардан» соң жиырма мыңға таяу ақбөкендер қырылып қалды. Былтырғы Протон апатынан кейін Ақмола мен Ақтөбе облысында тағы да мыңдаған ақбөкендер қырылды.
    Биылғы жылдың, яғни 2015 жылдың 28 наурызындағы Ақтөбе мен Ресейдің Орынборына жақын орналасқан «Ясный» космодромынан Камчаткадағы 10 мың шаршы шақырымдық «Кура» полигон – нысанасына кезекті «сатананың» біреуі атылды. Дәл сол күні Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш кемесі ұшырылды. Әрине осы екі зымырандар бірінен соң бірі Қазақ жерінің үстінен ұшқан соң, жайма – шуақ мамыражай көктем күні жылылық 28 градусқа жетіп тұрған сәтте ауа райы күрт өзгерді. Әуелі жаңбыр, арты қарлы боранға айналып, жаппай гүлдеп тұрған жеміс ағаштарын ту – талапай етті. Шымкент жеріндегі ең суық ай қаңтарда ғана бір –екі сағатқа созылатын 18 градустық ызғарлы аяз, наурыздың 29 мен 30 күндері 6-8 сағатқа созылды. Өрік пен алша, шабдалы гүлдері үсіп бірден ағып кетті. Бойына нәр мен сөлі енді жүре бастаған жаңғақ пен алма, алмұрттың гүлдері бүршік атпай жатып бұтақтарымен қоса үсіп кетті. Көктемнің жаймашуақ жылы күні 2-3 аптаға созылған соң, қыстай көмулі әрі жылы заттармен ораулы жатқан інжір мен анар ағаштары да жаппай ашылған еді. Күтпей келген суықтан бұл жеміс ағаштары үсіп, ақыр соңы қурап кетті. Биыл жақсы өнім күткен бағбандар мен жеке шаруашылықтардың еңбектері еш болды. Тек Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 113 мың гектар жерге егілген күздік бидай үсіп кетсе, биылғы көктемде егілген егіннің 6 мың гектарын үсік ұрған. 16 мың гектарлық бау – бақшаның да 7 мың гектары үсіп кеткен. Оған Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысындағы жағдайларды қоссаңыз биылғы шығынның есебі жоқ. Санауға келмейді. Сонда бұл шығынды кім орнына келтіреді? «Роскосмоспа»? Әлде оларға ұшыруға рұқсат берген Қазақ өкіметі ме? Болмаса, өмір сүру құқымызға қол сұғып, жеріміз бен ауа, суымызды бүлдіріп, ар – намысымызды таптап жатқан бұлардың үстінен қол жиып халықаралық Гаага сотына береміз бе?
    Әсіресе 8 май күні Байқоңырдан ұшқан «Прогресс М – 27 М» ғарыш кемесі апатқа ұшырап, зиянды отынының негізгі бөлігі Қазақстан жеріне төгілді. Ауа райы тағы да күрт суыды. Ақбөкендер жайылған аймақта аяздар басталды.
    Артынша Байқоңырдан 16 мамыр күні салмағы 705 тонналық «Протон» ұшырылды. Бұл Мексика елінің космостық апппаратымен ұшырылған ғарыштық гептилді зымыран да апатқа ұшырап, гептил отынының 85 пайызы Қазақ жеріне төгілді. Артынша дала еркелері, «Қызыл кітапқа» кірген ақбөкендеріміз жаппай қырыла бастады. Оның себебін ресейдің зымырандарына шаң жуытқысы келмейтін, іс жүзінде Ресейдің вассалына айналған Қазақстанның қуыршақ өкіметі «пастереллез» деуден танбай келеді. Міне содан бері қырылған бөкендердің ұзын саны 127 мыңға жетті. Бұл 1988 жылдың жазында Байқоңырдан ұшырылған салмағы 3 мың тоннаға таяу гептилді отын қолданатын «Буран – Энергия» зымыранынан кейінгі ең үлкен апатты шығын. Сол жылы 488 мың ақбөкен мен мыңдаған жабайы аңдар мен малдар қырылып, ғалам елдері адамзат пен табиғатқа орасан зор апатты қасірет әкелетін бұл зымыранды ұшыруға тиым салуды талап еткен еді. Жер Анамыз бен адамзаттың бақытына орай қасіретті зұлымдық ошағы саналған, большевиктер билеген Совет өкіметі дер кезінде құлап, ССРО ның бұл қанқұйлы жоспары іске аспай қалды.
    Киіктердің жаппай қырылуының басты себебі, «пастереллез» да емес, басқа жұқпалы ару да емес тек ғарыштық ұшырулар! Наурыздағы ұшырылулардан соң организмі ұзаққа созылған (осы полигондар мен космодромдар әсерінен) салқын қыстан әлсіреп шыққан ақбөкендер жаймашуақ көктемде қаңтар айында ғана болатын аязды суыққа ұшырап жаппай өкпе қабынуына ұшыраған. Мамыр айында көкке енді тойынып, жабысқан дерттен айығып үлгермеген ақбөкендер тағы да қайтадан аязды суыққа ұрынды. Одан әрі апатты ұшырулардан соң мыңдаған шаршы шақырым жерлерде киіктер мекен ететін далада пайда болған озонды тесіктерден өтіп кеткен космостық күлгінді сәулелер бұл жануарларды қырып салды.
    Совет үкіметі кезінде бұл қазіргі аты өзгерген зымырандар шахталарда кезекте тұратын. Рейган мен Горбачев келісімдерінен кейін бұл зымырандар жойылуға тиісті еді. Алайда совет үкіметі құлап, Ресей Президенті Борис Ельциннен кейін билікке келген, бұрыңғы кеңестік отаршыл билікті қалпына келтіруді аңсаған В.Путин бұл зымырандарды қайтадан кезекшілікке қойып қойды. Тіптен бұл қуатты зымырандапрдың атын өзгертіп ғарыштық аппараттарды космосқа шығаруға лайықтап та үлгерді. Қазір бұл аса зиянды зымырандардың рахатын мәскеулік яхудилар басқарған, зиянды зымырандарды пайдасымен қазақ жерінен көкке атып жою үшін ғана құрылған коммерциялық құрылым «Роскосмос» пен олардың қазақстандық өкіметтегі сыбайластары көріп жатса, азабы мен зардабын басы бар басшысы жоқ Қазақ жері мен халқы көруде. Оның үстіне Ресей әскерилеріне жалға берілген 7 әскери сынақ полигондарының да бұл апаттарға қатысы болуы әбден мүмкін. Қазір Ресей әскери жаттығулар кезінде әлемдік мұхитта жүзіп жүрген сүңгуір қайықтар мен басқа кемелерден, құрылықтағы стратегиялық ракеталық әскери бөлімдерден қазақ жеріндегі нысана – полигондарға қарай түрлі зымырандарды күні – түні атып жаттығады. Олар рұқсат та сұрамайды. Соңғы кездері олардың ракеталық әскерлері ЗРК С – 500 ді де Астрахандағы Капустин Ярдан аумағы 80 мың шаршы километрге жететін Сарышаған полигонына қарай атып сынауда.
    Бұл протон ракеталарында қоршаған орта мен тіршілікке аса қауіпті гептил отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етілген шекті таралу мөлшері 1 мг/кубокилометр. Яғни өте улы зиянды бұл Гептил, химия тілімен айтқанда симметриясыз диметилгидразин (С2Н8N2) мен бірге ауасыз кеңістікте отынның жануын қамтамасыз ететін, Байқоңырдан, яғни қазақ жерінен сорылып алынған, ғарышқа қайтарымсыз кетіп жатқан, тіршіліктің көзі, Жаратушының әрбір жерге, әрбір елге және бізге де өлшеп берген несібесі – оттегі газы. Оттегі газы, айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының – 20,95%-н, азот – 78%-н, ал қалған 1% -н барлық қалған аргон, сутегі, ксенон, криптон, неон, көмір қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды.
    Бұл экологияға аса қауіпті ракета отындарының 50-60% ғана жанып үлгеріп, қалғандары жерімізге төгіледі екен. Гептил сұйық отыны – аса улы, тіршіліктің нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетін катализатор ретінде, күмістің ионы қолданылады. Бұл өз кезегінде гептилмен бірге төгіліп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы километр жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әсіресе күз, қыс, көктем айларында көктегі кәдімгі жай шуда ақ бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кейін бұлттар буланып қалыңдығы бірнеше шақырымға дейін жетіп, ауада жер бетіне күн сәулесін түсірмей орап қымтай жапқан, күннен тарайтын энергия көзін тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс кезінде) қар жауып, боран соғып соңы 40-50 градустық аязға айналады.
    2001 жылы желтоқсан айында, Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен, ылғалы көп Архангелскі облысында орналасқан Плесецкі космодромынан осы «Протонның» біреуін ұшырғанда, Ресейдің Европалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метрге жеткен қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас – бомжылар қырылып, одан кейін бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тиым салынды. Қазір бұл ракеталар тек Қазақстаннан ғана ұшырылады…
    Батыс елдерінің өлердей қорқып «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды апаттар әкелетіні әскерилерге бұрыннан белгілі жағдайлар. Осы ракеталардың 100 –ден астамы бірінен соң бірі ұшса, бүкіл планетаны ауыр бұлттар көмкеріп, жер жаһан бойынша Африка мен Австралия, оңтүстік аралдарды қосқанда бір апта бойы – 50 С – тан төмен аяз болып, тіршілік көздерінің 90 пайыздан астамын қырып тастайды…
    Тәжікстан мен Өзбекістанның оңтүстігінде өсірілетін биязы талшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшін бұлттарды күмісті-иодтты снарядтармен атқылау тәжірибесі қолданылады.
    Ал, Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшін жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күміс иондары бүркіліп, жауын жаудырылады.
    1997 жылы Жапон елі қысқы олимпиада өткізерде, күміс иондарын ұшақтармен бүркіп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңіз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшін жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып зорға тоқтатқан.

    Ал жаз айларында ұшырылған бұл зымырандар жерімізге сұмдық ыстық аптаптар әкелуде. Өткен жылдары (2009 жылы) Байқоңырдан 34 рет, 2010 жылы да осыншама рет болса, 2011 – 2014 жылдары одан да көп осы аталған ракеталар ұшырылды. Өзен – көлдер мен бұлақтар кеуіп кеткенімен тұрмай біздің облыстағы «Ақсу Жабағлы» қорығы орналасқан Алатау тау сілемдеріндегі мәңгі тұрған мұздықтар мен қарлар еріп жоқ болды. Ал Байқоңырдың тажал «Сатаналарына» қоса, Қазақстанның батыс шекарасына жақын жердегі Ресейдің Капустин Яр космодром – ракетадромынан және Орынбор облысындағы Ақтөбе облысының шекарасына жақын орналасқан «Ясный» космодромдарынан ұшқан ракеталар әсерінен Қазақстанның батысында соңғы жылдары құрғақшылықтар мен табиғи апаттар жыл сайын қайталануда. Еккен егіндер қурап кетсе, өзен – көлдер буланып, өткен жылдары оттегінің азайғанынан Орал өзенінде балықтар мен су жануарлары қырылды. Ал Қазақстан бойынша ыстықтан қорғанып, үйлер мен қызметтік ғимараттарды салқындату үшін соңғы жылдары жаппай сұраныс көбейіп, қолданыла бастаған кондиционерлерге кеткен электр шығындары да күннен – күнге еселеп артуда. «Жығылған үстіне жұдырық!» – дегендей, Қазақстан үкіметі Ресейге совет заманында Еліміздің аумағында орналасып, зауалды уытын шашқан 7 ядролық – ракета полигондарды қайтадан болмашы қаржыға жалға беріп, бүгіндері бұл «тажалдар» күндіз – түні адамзат баласын жаппай қырып жоятын, қоршаған ортамызға аса қатерлі түрлі қаруларды сынап, Ұлы Ата -Бабаларымыздың ұрпақтарына аманатқа қалдырған киелі Ұлы Даламыздың ту – талақайын шығаруда?!!! Ресейде әскери – жаттығулар басталса, Сарышағаннан бастап жеріміздегі орналасқан полигон – нысаналар жаттығу үшін құрылықтан да, теңізден де атылған орыстың ракеталарының от боранының астында қалуда. Осы қарқынмен жат жұрттықтарға Жер Анамызды қорлата берсек, соры арылмаған халқымыз 10 жылдан кейін басқа жаққа, басқа елдерге кірме босқын ретінде жер аумасына амалы қалмас.?! Ал биліктегі мырзалар болса, олардың әлдеқашан Европа мен мұхит жағалауындағы елдерден жанға жайлы мекендерін дайындап қойғандығын шетелдік басылымдар жарыса жазуда…
    Ұлы Жасаған Иеміз, Көк Тәңірі – Бір Алланың біздің халқымызға меншіктеп берген жайлы табиғатының арқасында, осы оңтүстік өңірлерінде, атап айтсақ Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облысары 1957 жылға дейін жылына екі рет ауыл шаруашылық өнімдерін алып келген еді. Ал енді осы жерлерімізден осынша уақыттан бері алынатын өнімдерді, жоғалтқан табыстарды кім есептеп жатыр? Бұл космодромдар мен әскери полигондардың әсерінің ең сұмдығы, ауа құрамындағы тіршіліктің көзі оттегінің азайып кетуінде және медицинаның шамасы келмейтін небір аты өшкір ауруларды көбейтуінде болып отыр?!
    Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Олардан алатын жылақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығын-дардың бәрін қосқанда бұл жал ақыға төленетін қаржының түкке де тұрмайтындығы белгілі. Аумағы алты мың шаршы километрден астам жерді алып жатқан Байқоңыр кос-модромынан Қазақ Еліне, бүгінгі күндері орасан зияннан басқа ешбір пайда түсіп жатқан жоқ. Өткен жылдары жазғанымыздай және жоғарыда аталып өткен «Байқоңыр зардаптарынан» табиғатымыз бен халқымыз енді қашанғы азап шекпек?!?
    Қасиетті Ұлы Даланы Келешек ұрпаққа тұнығын ылайламай, жасылы мен шалғынын шаң – тозаңға айналдырмай аман – есен жеткізіп қалдыруды Ұлы – Бабаларымыз АМАНАТ еткен.
    Қасіретті көп көрген көп ұлтты халқымыз қашанғы басқа елдің зертханасындағы тәжірибе үшін жаралған көжектердің күйін кеше береді? Осы елдің егесі бар ма, бар болса неге оны, яғни Ұлттың көшбасшысын, осы елдің азаматтарын ең бірінші, Елінің, халқының мүддесі толғандырмайды? Адам баласына күнделікті жеп отырған нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнімдер керек емес пе? Соры қайнаған халқымыздың, ойрандалған қоршаған орта табиғатымыздың қорғаушысы болудың орнына жатжұрттық Ресейдің «Роскосмосының» одақтасына айналған үкімет басшыларына не дерсің?!
    Ілесбек Байжанов. ОҚО «Ақиқат – 1» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

    Ескерту:
    Республикалық “Дат» газетінің 11.06.2015 ж., «Әділет» газетінде 12.06.2015 ж., Қызылордалық 8 мың экз. шығатын «Тіл Сақшысы» газетінде басылып шықты.

Пікір немесе жауап жазу

20 − 3 =