«Ақ жол» партиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы жейде шығарды

футболка Жыл басынан бері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде. Осынау тарихи күнге арналған игі шараларға «Ақ жол» демократиялық партиясы да белсене араласып келеді. Партия басшылығының бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған арнайы эмблема жасалған. Бұл белгі жыл басынан бері «Қазақ үні» газетінің алғашқы бетінде тұрақты түрде жариялануда. Таяуда ғана «Ақ жол» партиясы аталмыш эмблема негізінде төсбелгі мен медаль шығарған еді. Енді партия Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы жейде шығарып отыр. Ұйым осы игі іс арқылы өскелең ұрпаққа бабалар тарихын, елдігіміздің мызғымастығын дәріптеуді мақсат етеді. Осы күндері партия белсенділері аталған жейдені аймақтарға, түкпірдегі аудан тұрғындарына тегін таратуды қолға алды.