Серік Ахметовке қатысты сотқа жолданған қылмыстық іс 326 томды құрады

644
0
Бөлісу:

Экс-премьер Серік Ахметовтің 326 томды құраған қылмыстық ісі сотқа жолданды. Атышулы процесс  миллиардттар айналған біраз былықтың бетін ашатын түрі бар, – деп хабарлады КТК арнасы.

Серик Ахметов

Былтыр қарашадан бері Қарағандыдағы коттеджінде үй қамақта отырған экс-премьерге тағылған айыптың ауқымдылығы сонша, оның қылмыстық іспен танысуына 8 ай уақыт кеткен.

Ал, Ахметовке 6 бап бойынша, қызмет бабын асыра пайдаланып 1 миллиард 100 миллион теңге бюджет ақшасын жеді, жарты миллиард теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеу материалдарына қарағанда, Ахметов Қарағанды облысын басқарған тұста индустриалды парктің құрылысына бөлінген бюджет ақшасын қалтасына басқан.

Экс-премьер мен өңірдің басқа да лауазымды шенеуніктерінің қылмысы бір іске біріктірілген. Яғни Қарағанды облысы мен қаланың бұрынғы әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов сотта Ахметовпен бірге жауап береді. Атышулы іс бойынша, тағы 21 күдікті бар.

Қылмыстық топтан мемлекетке келген зиян 3 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Ал сотқа әзірленіп жатқан экс-премьердің өзі тергеуге 10 қарсылығын тізіп , кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Дереккөз: КТК арнасы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бес × 2 =