ӘНҰРАНДЫ АУДАРУ – ҚАЗАҚТЫ КЕЛЕКЕЛЕУ!

3703
2
Бөлісу:

anuran

Алдыңғы күннің кешесінде (осыдан үш күн бұрын ғой) Ақтаң СҮЙІНІШӘЛІИН деген ресейлік қазақ еліміздің Әнұранын орыс тіліне аударып, «айды аспанға» шығарды. «Мен мәскеулік достарыма біздің Әнұранымыздың әдемілігін өздеріне өте-өте түсінікті тілде көрсеткім келді, – дейді ол ақпарат құралдарының өкілдеріне айтқан бір ауыз әңгімесінде, – ал әнұранды аудару идеясы менің бір досымның «Астана күні мерекесінде айрықша флешмоб ұйымдастырып, қазақстандықтармен бірге Әнұраннан басталған бастама бойынша басқа да бірнеше әнді бірнеше тілде орындайық» дегенінен шығып кетті. Осыдан кейін мен интернет кеңістігінен ары-бері іздестіріп көріп едім, біздің Әнұранымыздың басқа тілдерге, оның ішінде орыс тіліне аударылған нұсқасы жоқ болып шықты. Содан мен осы кемшіліктің орнын толтырмақ болып, Әнұранды орысшаға аудардым. «Сырт көзбен қарағанда қалай естіледі екен?» деген оймен аудармасы жасалған Әнұранды видеоға түсірдім. Менің ойымша, мұнда тұрған өрескел ештеңе жоқ сияқты…»

anuran aqtan Міне, АҚТАҢ деген азамат осылай дейді. Ал біздің тілімізде мұны – «атың шықпаса – жер өрте» дейді. Ал енді анығына келетін болсақ, Михаил Кленчин деген заңгердің айтуына қарағанда, еліміздің бірінші нөмірлі әнін басқа тілге аудару арқылы Ақтан Сүйінішәлин қазақ елінің қолданыстағы заңын өрескел бұзып отыр. «Енді осы дұрыс па?» деген дүдәмал мәселеге келейік. Заңгер айтып отыр – «заң бұзылып отыр» деп. Демек, заңды бұзып отырған мәскеулік қазақ сөз жоқ, кодексте көрсетілген тармақтар бойынша жазасын алуға тиіс. Басқасы басқа, бүтіндей бір егемен елдің Әнұранын өзге тілге аударып, мерекелерде шырқалатын рок, рэп сияқты «заманауи жынды билердің» қатарында секеңдетіп қою, шынын айтқанда, таза келекелеу болып саналады. Бұған басқадай сөз жоқ. Сүйінішәлин, естуімізше, алдағы уақытта орысшамен ғана тоқтап қалмай, қазақ елінің Әнұранын ағылшын және қытай тілдеріне де аудармақшы. Қуана қоятындай жағдай емес бұл, өйткені қазақ елінде «емен-жарқын, тау-тәтті» өмір сүріп жатқан жүз қырыққа тарта ұлттың әрқайсысы өз тіліне аударып алып, нәтижесінде Әнұранымыз мереке сайын жүз қырыққа тарта тілде шырқалып жатса, не болады сонда? Ештеңе де болмайды, тап-таза қойыртпақ болады онда. Негізі, әр елдің Әнұраны сол елдің тек Мемлекеттік тілінде ғана шырқалады – әлемдік практикада солай қалыптасқан.

«Кеше 28 батыр… бүгін Әнұран, ал ертең… ал ертеңді ойлаудың өзі тіпті қорқынышты… қазақты келекелеу осылайша жалғаса беретін болса!

Марат МАДАЛИМОВ.

Abai kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. кореяда откен универсиада да бiздiн анураннын орнына корейше бiрдене косып койды 15 Шілде, 2015 00:36 Жауап

    КЕБ

Пікір немесе жауап жазу

15 + 16 =