ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!

1334
8
Бөлісу:

ruza 1

 

ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!

                                    Тіл қайраткері Руза Бейсенбайтегіне

 

Руза  қыз туылған  қазақ үшін,

Айқасуда, аз емес азабы шын…

Бишікешті орысқұл билетеді,

Арнап  тілге білім мен  таза күшін!

Күресуде Руза  Қазақ үшін!

 

Жігерің бар барлығын жеңетұғын,

Қабыл болсын Қадыр түн көп өтінім.

Оразаға туған күн тура келді,

Ширек ғасыр сайын бір келетұғын!..

 

Керекудің керемет бір қызысың,

Оңға бассын деп тілеп жүрміз ісің.

Атын жазып қойсақ та Атазаңға,

Аталмайтын  тілімнің жұлдызысың!..

 

Шенеунікпен жүреді алысып әр,

«Сотқар» қызды соттардың бәрі сынар…

Ұлттық мүдде жолында ұлық түгіл,

Трамвайды тоқтатқан намысы бар!..

 

Ұлт жолында  дамылсыз дара күшің,

Жүрсің тілдің қайтарып  бар ақысын.

Әкімдерің алады ұялмай-ақ,

Сен істеген істердің жалақысын…

 

Ел мен тілдің намысы – бір мағына!

Аман-есен еліңнің жүр бағына.

Лайықсың Руза жырға мына-

Тілді қорғау орнына қорлап жүрген,

Министрлер тұрмайды тырнағыңа!..

 

Тазкепешін биліктің  тар көрерсің!

Тарландықпен  тауға да   тарта бер шын!

Қадір түні қадірлім мерейлі боп,

Қазақ үшін қадірің арта берсін!

Қазыбек ИСА

13.07.2015

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Байбарыс 13 Шілде, 2015 15:13 Жауап

    Жалпы ДІН — Иордан жағалауында туратын Еврей халқының қиял ойынан туындаған үлкен ертегі әңгіме ,еңбексіз ақша табу үшін әдейі ойланып істеген іс әрекет. Әлі күнге дейін білмегеніңіз ұят екен. Табиғаттың күнінде еш нәрсе артық болмайды календарлық айырмашылық болмаса,аңда саңда катаклизма болу ықтимал. ДІН де негіздік жоқ — тек ол сіздің сеніміз. ҒЫЛЫМ — негізді ол БІЛІМ. :shoshu:

  2. Руза 13 Шілде, 2015 15:42 Жауап

    Айналдым, бауырым, сөзім де жоқ не айтарымды, қалай жеткізерімді.. Алла -тағала таланттарын да санап бергенғой, баршаға төге салмай. Әйтпегенде өзіңнің ұлтшылдығыңды өзіңе төгіп жырлап беруші едім! Өзіңіз мықты ұлтшыл болғандықтан апаңызға деген жылы лебіздерің үшін де, өзің айтпақшы, Сіздер (БАҚтар) арқылы жарияланып кеткен талай жағдайларда соттан аман қалғаным үшін де… Ылғи да қорған бола білген өздеріңізге мың ризашылығымды білдіремін, асыл бауырым!

  3. Болат 34 13 Шілде, 2015 19:36 Жауап

    Руза ханым қазақтың намысты қызы, қалай мақтасақ та аздық етеді.Күрескер рухы мұқалмасын. Әр уақытта Руза ханымды қолдай жүрейік.

  4. Болат 34 13 Шілде, 2015 19:55 Жауап

    Байбарыс
    13 шілде, 2015, 15:13. Олай шатасуға болмайды.Адамзаттың ең таңдаулы тұлғалары Аллаһтың бар екеніне күмән келтірмеген. Жүректі тазарту үшін қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімді (Досым Омаров»Шәкәрімнің үш анығы») және «Ұлы тұлғалар ислам жөнінде»,Алматы Шапағат Нұр баспасы 2002 жыл,құрастырған Нұртай Ерназарды оқыңыз

  5. Мақсут Абдимоминов 14 Шілде, 2015 00:49 Жауап

    Байбарыс.
    Адамның ойы бір жағвна қисайса оны түзеу өте қиын болады, ал ол адам білімсіздеу болса- бұл тіпті мүмкін емес.Дегенмен түсіндіріп көрейін -Сен айтқан Библиядағы Еллох (Аллаһ) таңдау жасап,еврей халқына өзін танытқаннан да бұрын діни сенім болған. Үндінінің айтулы «Махабхаратасынан» бұрын да бір ғана Жаратушыға деген сенім бар еді.Мұндай сенім тіпті үлкен материктердегі халықтар мәдениетінен оқшау қалған мұхиттағы аралдардың тұрғындарында да бар. Ал Ғылым -дейсің ғой, Ғылымды осы деңгейге дейін қатты көтерген европалықтардан бұрын мұсылман ғұламалары болатын. «Ғылым»- өзгереді, өзін-өзі жөндейді, жетелейді.Ал Алланың Ілімі -ол өзгермейді, ол мәңгілік, адами білім тек соның ақиқаттығын дәлелдеумен келеді. Қазіргі заманның ең дамыған ғылымы, ғалымдары бір құдіретті күштің барлығын 90 пайызға мойындайды, онсыз көптеген құбылыстар мен философиялық ұғымдарды түсіндіру мүмскін емес. Дарвинизмнің дау -дамайы ұмытылғалы қашан, өзін өзі сыйлайтын оқымыстылар оны әңгіме де етпес. Өйткені бұл тіршілікке төтен бір құдіреттің қатысуын көрсететьін дәлел көп, және оны дәлелдеп жатқандар да заманауи ғылымдар. «Үлкен жарылыс, ғаламның үздіксіз ұлғаюы,»-сияқты ұғымдар да құраннан кейін мойындалған ақиқаттар. Сен енді, Байбарыс, Жак Ив Кусто емессің ғой, ол кісі де Құдайдың барлығына өзіндегі орасан білімі мен ізденісінің арқасында жеткен! Түбі Сенің де көзің бұл ақиқатқа анық жетер -деп ойлаймцын.

  6. алматылық Сакен 14 Шілде, 2015 01:33 Жауап

    мақсут мүмкін сөзіңнің жаны бар. жалпы дін жайлы шиза айтқан өлеңдерге не жауап қатасың? әлде сенде ол жайлы қуып кетіпті деген комментарий қалдықтарын шығарсың…

Пікір немесе жауап жазу

он үш − 9 =