«Мен жуырда Ресейде болдым. Ресейдегі православ храмы мені қуып шықты. Сондағы айтқаны: «Сен шоқынбағансың, сондықтан тайып тұр бұл арадан» болды. Қасымда православтық құрбым бар еді, сол құрбым араға түсіп, шіркеу қызметкеріне: «Бізде Қазақстанда кез-келген адам – ол мұсылман, иа, буддашыл, иа, католик болсын – шіркеуге кіре береді. Мен православпын, әйтсе де, мешітке еш қиындықсыз бас сұғамын», - деді. Осыдан кейін барып шіркеу қызметкерімен арамыздағы әңгімеміз ептеп жөнге келіп, ол менің «Отче наш»-ты жатқа айтатынымды, Ерусалимге діни парызымды өтеуге барғанымды, Құдай ұлының қабірінің басында болғанымды білді. Содан соң аздап жылып, мені храмға кіргізді. Алайда айтты: «Шоқынбаған, сен шыққан соң бәрібір артыңды тазалаймын», -деп. Расында, мен шіркеуден шыққан бетте ол қасиетті суды шашып, шіркеудің ішін тазалай бастады».
Бұл – «ораза тұттым» деп таяуда орыс тілді сайттарға сұхбат берген Бахыт Сыздықованың сөзі. Бахыт Қазақстанда туғанына өзін өте бақытты сезінеді.
«Бізде әлгіндей істің болуы мүмкін емес. Мен әртүрлі дін өкілдері бір-бірін сыйлап тұратын көпконфессионалды Қазақстанда туғаныма мақтанамын», - дейді ол.
Abai kz