Байқоңырды алған Ресей, енді Балқаш торабын да алады

8 шілдеде парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстанның Ресейге зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін пайдалану үшін Балқаш торабын беру мәселесін талқылады.

балхаш

Балқаш көлі. Фото: kazakhstan.travel

Отырыс барысында “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын өндіріске алынды.

“Бұл келісім Қазақстан Республикасының аумағындағы Балқаш торабын зымыран шабуылы туралы Ресейдің ескерту жүйесінде пайдалану тәртібін айқындауға бағытталады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын”, – деді мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, заң жобасына 2015 жылдың 10 қарашасына дейін қорытынды әзірлейтін болады.

Дереккөз: ИА "Казинформ"