Маңғыстауда жаңа жолдар салынады

жол Маңғыстау облысында негізгі туристік нысандарды қажетті инфрақұрылым мен көліктік қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін электр тасымалдау желілерін, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін салу, жолдарды қалпына келтіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. ГужанЖұмыстар аймақтың туристік нысандарының көліктік қолжетімділігі мен инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы Маңғыстау облысы туризм басқармасының бастығы Гүлжан Байжауынова(суретте) хабарлады. «Бірінші кезекте, коммуникациялық жүйелер Каспий теңізінің Ақтау қаласы жағалауындағы жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясын дамыту аудандарында керек», - деп хабарлады Г.Байжауынова. АликОның айтуынша, облыс әкімі Алик Айдарбаев (суретте)Ақтау қаласының әкімдігіне Ақтаудағы демалыс базалары, жағалау бойынша қажетті инфрақұрылымды (электрмен қамту, сумен қамту, жол, газбен қамту және кәріз) салуға ТЭН мен ЖСҚ-ны әзірлеуді тапсырған. «2015 жылғы жергілікті бюджетті нақтылау кезінде Өмірзақ ауылынан бастап демалыс базаларына дейін 6 млн. теңге сомасына жолдар салу ұсынысы енгізілген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, бірақ біз жолды одан да жақсы еткіміз келеді. Берген өтініміміз бекітілді», - деп баяндады Маңғыстау облысы туризм басқармасының бастығы.

АҚТАУ. ҚазАқпарат.