Құрылыстар қайта жанданады

құрылысссс  V сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясында облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. №13 сайлау учаскесінің де­путаты Табылды Әміров төра­ға­лық еткен сессия жұмысына об­лыс әкімі Алик Айдарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, қала, ау­­дан әкімдері, департамент және бас­қарма басшылары қатысты. Алдымен «2015-2017 жыл­дар­ға арналған облыс бюджеті ту­ралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде об­лыс әкімінің орынбасары Ш.Ил­мұханбетова баяндама жа­сады. «2015 жылдың 1 маусымына дейін нақтыланған облыс бюд­жеті 155,2 млрд. теңгені құ­райды. Жергілікті бюджеттің орын­далуы мен бюд­жеттік қа­ра­жаттың игерілуіне талдау жа­сау нәтижесінде 6 млрд. теңге қосымша алынды. Қазіргі таңда нақтыланған облыс бюджеті 161,2 млрд.теңгені құрайды» деді ол. Облыстың үш жылдық бюд­же­тін бекіту барысында бағ­дарлама әкімшілерінің ұсы­ныс­­тарын негізге ала отырып  бюд­жеттік қаражат маңызды жо­­баларды жүзеге асы­руға ба­ғыт­талады. Тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылығы, су­мен қам­­тамасыз ету және көлік ин­фра­құрылымы салаларын дамы­туға  ба­сымдық  беріледі. «Биыл «Ақ бұлақ» бағдарлама­сын жүзеге асыруға 401 млн. тең­ге бөлінді. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына 1 млрд. теңге, көлік инфрақұрылымын са­луға 673 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын мо­­­дер­низациялауға 383 млн. тең­ге бағытталды» деді Ш.Ил­мұ­хан­бе­това. Облыстық мәслихаттың депу­­таттық корпусы 2015-2017жыл­дарға арналған жергілікті бюд­жеттің орындалуы мен иге­рілуіне  талдау жасау нәти­жесінде  бекітілген облыс бюдже­тіне енгізілген өзгерістерді бірауыз­дан мақұлдады. Сонымен қатар сессия қарауы­на енгізілген өңірдің дамуына үлес қос­қан түрлі ұйымдар мен кә­­сіп­орындар қызметкерлерін Маң­ғыстау облысының Құрмет грамо­тасымен марапаттау ұсынысы да­уысқа салынып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессия жұ­мысын облыс әкімі А.Айдарбаев қорытындылады. «Ағымдағы жылдың бес айында  облыстың әлеуметтік-экономика­лық дамуының қорытынды мак­роэкономикалық көрсеткіштері өр­­леу сипатымен серпінді даму­да. 2015 жылдың қаңтар-мамыр ай­ларында өңірдің өндірістік кә­сіпорындары 647,8 млрд. теңге сомасына тауар өндірді. 2014 жылмен салыс­тыр­ғанда мұнай өндіру көлемі 1,3%-ға артқан. Табиғи газ өндірісі 14,4 %-ға ұлғайып, 980,2 млн. куб. метрді құрады. Мұнай­газ сек­торындағы кәсіп­орын­дарды қол­дау мақсатында облыс әкімдігі ағым­дағы жыл­дың сәуір айында мұ­най компа­нияла­рына салықтық сал­мақты–экспорттық кедендік баж салы­­ғының мөлшерлемесін нөлге де­йін төмендетуді ұсынды» деді об­лыс әкімі. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, индустрияландырудың екінші бес­жылдығында алпыстан аса жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Оның 14-і 2015 жылы іске қо­сылады. «Аймақтарды дамыту» Мем­лекеттік бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, энергетикалық  жүйелерді, білім беру нысандарын, денсаулық сақтау, коммуналдық ша­руашылық саласын, тұрғын-үй қорын жаңғыртуға басымдық берілмек. «Аз қамтылған және жас от­басыларға, мемлекет және жеке инвесторлар қаржыландыратын мекемелер қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастырмақ. Осы мақсатқа арнап 2014 жылы 26 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның ішінде 13 млрд. теңгеге жуығы бұл  мемлекеттік инвестициялар. 2015 жылы қаражат көлемі 29 млрд. теңгеден асып түсті. Биыл денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына, мектепке де­йінгі балаларға арналған меке­мелер мен орта мектептерге рес­­публикалық және жергілікті бюд­­жеттен 18,8 млрд. теңгеден ас­там қаражат бөлу жоспарлануда» деді аймақ басшысы.Бюджеттік қаражаттың ұл­­ғаюы­на байланысты  ұзақ мерзімді жобаларды қайта жаңартуға мүмкіндік туды. Олардың қатарында Ақтау қаласындағы онкологиялық диспансер, Жаңаөзен қаласындағы терапевтік орталық бар. Сонымен қатар, Каспий жағалауындағы теннис орталығы құрылысы жанданады. «Аудандарда ауыларалық жолдар салу жұмысы жалғасады. Биыл Қызылтөбе ауылынан бастағалы отырмыз. Автожолдарды салуға және жаңғыртуға нақты қаражат бөлінді» деді А.Айдарбаев.Мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерді қайтару және салуға аса мән беріліп отыр. Биыл Ақтау қаласындағы 4 балабақшадан 1280 орын берілмек. «Халықты жұмыспен қамту мәселесі қолға алынды.  Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде  облыста 8944 жұмыс орны құрылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бірталай жұмыс атқарылуда. Соңғы 5 ай ішінде жастардың  жұмыссыздық деңгейі 6,8%-дан 3,8%-ға төмендеді. Жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беру жүзеге асуда. Бүгінгі таңда өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 52%-ды құрайды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмен» деді өңір басшысы.Сонымен қатар, биыл бірнеше маңызды әлеуметтік жобалар NCOC компаниясының қайырымдылық бағдарламасы бо­йынша қаржыландырылмақ. Бес жыл бойы NCOC компаниясы облыста әлеуметтік бағ­дарламаларды жүзеге асыруға 25 млн. АҚШдолларын немесе 4,6 млрд. теңге қаражат жұмсады. Биыл, Ақтау қаласындағы «Жас­тар үйі», «Достық үйі» мен Құ­рық ауылындағы 500 орындық жатақхана, Рахат, Теңге ауыл­да­рындағы спорттық кешендер аталмыш компанияның қайы­рым­дылық қаражатымен бой көтер­мек» деді. Сессия жұмысын  қорытындылай келе облысы әкімі депутаттарға  белсенді қызметі үшін алғысын білдірді. V сайланған Маңғыстау облыс­тық мәслихатының  жиырма жетінші сессияның төрағасы болып №2 сайлау учаскесінің депутаты Әли Сахимов сайланды.  

Ақпарат көзі: Мangmedia.kz.