Мұхтар Шахановты Жарылқап Қалыбай не үшін жамандады?!.

Ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов qamshy.kz сайтына сұхбат беріп, журналист Жарылқап Қалыбайдың өзінен кешірім сұрауы керектігін айтты.

Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов

«Жуырда Жарылқап Қалыбай деген жігіт президенттік сайлауға түспекші болды. Оған мен «дауыс ала алмайсың, бос әуре болма, бес мың дауыс жинасаң мұрнымды кесіп берейін» деп әзілдедім. Ол телеарнаға, баспасөзге «мен жүз жиырма мың дауыс жинаймын» деп сұхбат беріпті. Содан іске белсене кірісіп, алты жүз дауыс жинады. Керекті дауыс тоқсан үш мың ғой. Ал, енді сол Жарылқап жаңа партия құрмақшы. Оған мен құрған «Халық рухы» партиясы кедергі болуы мүмкін ғой. Сол үшін ол мені жамандаудың өзгеше тәсіліне көшіпті», — дейді Шаханов.

Жуырда Жарылқап Қалыбай деген жігіт президенттік сайлауға түспекші болды. Оған мен «дауыс ала алмайсың, бос әуре болма, бес мың дауыс жинасаң мұрнымды кесіп берейін» деп әзілдедім

Ақын өзін бастаған ісінің біреуін де аяғына жеткізбейді деп сынаған Жарылқап Қалыбайға шүйліккен.

«Шаханов бастаған ісінің бірін де аяғына дейін апарған емес» деп үлкен кінә артып, өзі басқаратын «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында және ғаламтор сайттарында жариялапты. Сонда менің, басқасын айтпағанда, Кеңестер Одағы кезінде 62 жыл бойы мемлекеттік деңгейде тойлауға тыйым салынған Наурыз мерекесін тірілтуім, орыс тілі мемлекеттік мәртебе алып кеткен шақта, қазақ тілін жеке-дара мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерудегі қызметім, айтуға, жазуға тыйым салынған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің шындығын ашып, КСРО билігіне күрделі талаптар қойып, кінәлі 41 адамның аты-жөнін әйгілеуім, негізін «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлт» салтанат құра бастаған кезде аштық жариялауым, мені қолдап төрт мыңнан астам адамның бірге болуға тілек білдіргені, «мен қазақпын» деген әрбір азаматтың намысы оянған шақта, билікті кешірім сұрауға мәжбүрлеуіміз оңай шаруа болып па еді?», — дейді Мұхтар Шаханов.

jarylqap  Осы орайда, беделін түсіргені үшін ақын Жарылқап Қалыбай өзінен кешірім сұрауы керектігін айтқан.

«Беделімді бес тиындық деңгейге құлдыратуға тырысқан әділетсіз пікірі үшін жарияланған басылымдарда, ғаламтор беттерінде Жарылқап менен кешірім сұрауға тиіс деп есептеймін», — дейді Шаханов.

Сонымен қатар, ақын өзі құрған «Қазақ Ұлттық кеңесінің» жұмысы туралы әңгімеледі.

Жоғары биліктегі тұлғалардың мемлекеттік тілде сөйлеуі заңмен міндеттелмейінше, мемлекеттік телеарналар қазақша сөйлемейінше ел тағдыры оңалмайды

«Алдымызда үлкен проблемалар күтіп тұр. Жоғары биліктегі тұлғалардың мемлекеттік тілде сөйлеуі заңмен міндеттелмейінше, мемлекеттік телеарналар қазақша сөйлемейінше ел тағдыры оңалмайды. Қазақ тіліне қырын қарау мен менсінбеу күш алып келе жатыр. Осылардың бәрін реттемесек болмайды. Астанада қазақ балаларының 47 пайызы, Алматыда 40 пайызы орыс мектептерінде білім алады екен. Мемлекеттік телеарналардың мемлекеттік тілде хабар беруі 50 пайыздан кем болмауы керек. Өкінішке қарай, қазір кейбір телеарналардың мемлекеттік тілдегі бағдарламалары 20, 30 тіпті, 8 пайызға дейін құлдыраған», — деді қоғам қайраткері.

Сұхбат соңында Шаханов шетелге көшіп кету туралы ойының жоқ екенін айтқан.

Источник: Nur.kz