Флойд Мейвезер Геннадий Головкинге жауап берді

Америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезердің командасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жауап қайтарды деп хабарлады Bnews.kz.

Флойд

Естеріңізде болса, жуырда Головкин америкалықпен шаршы алаңда жолыққысы келетінін хабарлаған болатын. Тіпті, отандасымыз Мейвезерді еш қиындықсыз жеңетініне сенімді екенін де мәлімдеген еді.

Мейвезердің командасы қазақстандықтың осы мәлімдемесіне былай деп жауап жазыпты: «Флойдпен жекпе-жек өткізгісі келетін боксшылар өте көп, олардың көксегендері тек қана ақша. Ал Головкин өз карьерасында мықты боксшылармен әлі кездесіп көрген емес. Сол себепті, Мейвезерге ұсыныс жасағандарыңа жол болсын».

Геннадий Головкин кәсіби карьерасында 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (33-0, 30 КО). Сонымен қатар, отандасымыз үздіксіз нокауттар санын 20-ға жеткізіп, әйгілі Майк Тайсонды жолда қалдырды. Ал Мейвезер шаршы алаңға 48 рет көтеріліп, барлық қарсыласынан басым түскен (48-0, 26 КО). Бір айта кететіні, екі боксшы да келесі жекпе-жегін биылғы жылдың қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр.

Источник: BNews. Бизнес сейчас