Қазақ футболы не себепті мардымды жетістікке жете алмай жүр?

Ойсыраған жеңілістерден көз ашпайтын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өзгелермен терезесі тең болып өнер көрсететін күн қашан? Қазақ футболы не себепті мардымды жетістікке жете алмай жүр? Бұл сауалдарға 31 арна жауап іздеп көрді.

sbornaya_futbol

Фото: qazaquni.kz

Ол үшін қазақ футболына басқармалық тұрғыда реформа керек дейді мамандар.

Футболдан 2010 жылдың ең үздік голы да ұлттық құраманың қақпасына кірген. Қазақ футболы не себепті мардымды жетістікке жете алмай жүр? Мамандардың пікірінше, еліміздің футболшыларының жалақылары да жаман емес.

Мәселен, Ресей чемпионатында ойнауға жарамай қалған футболшылар бізге келіп, доп теуіп жүр дейді спорт комментаторы Ермек Төренияз. Оның айтуынша алдымен еліміздегі футбол клубтарын жекеменшікке шығару керек.

«Ең алдымен біз Қазақстан чемпионатын, ішкі чемпионаттың деңгейін көтеруіміз керек. Мысалы, бізде 12 команда ойнайды Қазақстан премьер-лигасында. Осының барлығы да облыстардың бюджетін сорып отырған кәдімгі емізулі бұзау секілді», — дейді спорт комментаторы Ермек Төренияз.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 1992 жылдан бері 163 кездесу өткізген. Алайда осы уақыт аралығында біз салғаннан гөрі, өзімізге соғылған доптардың саны екі есеге артық. 13 бапкер ауыстырып үлгерген құрама еуропалық футбол қауымдастығына мүше болып енгенге дейін де, одан кейін де ешбір чемпионаттың іріктеу кезеңінен өте алмады.

Ал кеше құраманың ойыншылары ЕУРО-2016 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Түркиямен қарымта ойын өткізіп тағы да жеңіліс тапты.

Келесі жылдан бастап Қазақстанның бірінші лигасында шет елден келген легионерлер ойнамайды. Бұл да ұлттық құраманың деңгейін көтеруге сеп болуы мүмкін. Ал қазақ футболының жанкүйерлері жігіттерден жақсы нәтиже күтуден танбай келеді.

Источник: 31 канал