"Алматылықтар тікұшақпен ұшып, гольф ойнайды" деген Есімов Швейцарияда сайтанарба теуіп жүр

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Швейцарияның Лозанна қаласын велосипедпен серуендеді.

600_817b6428d6b52b3a6e1645f118b73a4b

Фото: baq.kz

Есімов өзге де делегаттармен бірге 2022 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге кандидат Алматы қаласының презентациясын жасау үшін Лозаннаға келген болатын. Бүгін таңертең ол олимпиадалық қозғалыстың «жүрегі» саналатын осынау қалада велошеру ұйымдастырып, көрікті жерлерге серуендеп қайтты.

Айта кетейік, 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын өткізуге екі үміткер таласып жатыр. Олардың бірі Алматы болса, екіншісі — Қытай астанасы Пекин.

Қос кандидат өз презентацияларын 9 және 10 маусым күндері таныстыратын болады. Ал, екі қаланың қай жеңгені 31 шілде күні Куала-Лумпур қаласында белгілі болмақ.

Источник: BAQ.KZ