Өскемен тұрғыны қызанақ көшеттерін жауыннан қорғау үшін Қазақстан туымен жауып қойған

Өскемен тұрғыны саяжайындағы көкөніс атыздарын жауыннан қорғау үшін Қазақстанның көк туын пайдаланып жүр.

ту

Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Бүгінде көк байрақ ауладағы жіпте ілулі тұр. Мүмкін, саяжай иесі туды жаңбырдан соң кептіріп қойған шығар», – деп жазады сайт тілшісі.

«Центр» серіктестігіндегі бағбандардың айтуынша, бақшашы әйелдің саяжайында көк байрақ биыл пайда болған. Көршілердің айтуынша, әйел жақынды отырғызылған көкөніс көшеттерін тумен жауып қояды.

ту-1

«Кеше көшеттерді  тумен жауып қойған болатын. Қазір жіпте ілулі тұр. Біз Галинаға мемлекеттік рәміздерді бұлай қорлауға болмайтынын айттық. Алайда, ол бізге дөрекі жауап беріп, немен жапқысы келсе де өзі білетінін айтты. Бүгін тумен қызанақты жабатын болсақ, ертең не болмақ? Меніңше, полицияға айтатын кез жетті», – дейді көрші саяжайдағы Алексей есімді зейнеткер.

Сонымен қатар, көршілері бағбан әйелде мемлекеттік тудың әлі бірнешеуі бар екенін айтады. Ал әйелдің туды қайдан алғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда, әкімшілік жаза тағайындалып, 200 айлық есептік-көрсеткіш (396 400 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Дереккөз: Nur.kz