Астаналық полицей Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігімен фотоға түсті

Полицей Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігінің аясында фотоға түсті деп жазды informburo.kz.

ламб1 Атышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің көлігі Астанадағы №2 Есіл аудандық сотының шешімімен тәркіленген болатын. Қымбат көлік Астана айып тұрағына жеткізілгеннен кейін тұрақ қызметкерлерінің назарына іліккен. Тұрақ қызметкерлерінің бірі құны $180 000-ға баратын Lamborghini Gallardo-ның аясында фотоға түскен екен. Қайрат Жамалиев Lamborghini-ден өзге бағасы $100 000-ға жуық Lexus LX570 және құны $150-170 000-ға жететін Mercedes-Benz S500 көліктерінің иесі. ламб2