Балаларын асырау үшін жыл сайын жүкті болатын ана

Ақтөбе тұрғыны балаларын аш қалдырмау үшін жылда жүкті боламын дейді. Өйткені бүлдіршіндерін балалар жәрдемақысына асырайтын бес баланың анасы Талшын Баймаханованың басқа амалы жоқ көрінеді.

талшынҚабырғасы жартылай құлап көгерген, жылуы жоқ сарай бес бала үшін жалғыз тұрақ.  Тұрмысы төмен болғанына қарамастан, Талшын Баймаханова  алтыншы сәбиіне жүкті. Көп балалы ана тағы бір шарананы жағдайының жақсарғанынан емес, жәрдемақы үшін өмірге әкелмекке бекінгенін  айтады.

Өйткені кенже қыздары Інжу мен Маржан бір жастан асқандықтан мемлекеттен бала күтімі бойынша берілетін мерзімдік қаржының уақыты тоқтатылыпты. Сондықтан балаларға бір үзім нан тауып беретін ақша жоқ дейді ана. “Ағалардан,әкімдерден көмек сұраймын. Мен көп балалы анамын. 6-шы баланы босанам осы жетіде Алла қосса, соған үйден жәрдем бола ма деп, көмек сұраймын”, – дейді көп балалы ана Талшын Баймаханова. Қаражановтар шаңырағының негізгі асыраушылары  – балалар. Төрт баладан көп отбасы болғандықтан әулет айына сегіз мың бес жүз теңге көлемінде жәрдемақы алады. Бұған қоса жаңа туған нәрестеге күтім жасағаны үшін 11 000 теңге тағы бар.
Ағалардан,әкімдерден көмек сұраймын. Мен көп балалы анамын. 6-шы баланы босанам осы жетіде…
Мемлекеттің көмек ақшасына  ұн, қант, май сияқты негізгі азық-түліктер алынады. Ет пен жеміс жидекті бүлдіршіндер өте сирек жейді дейді аналары. Ал пешпен жылытылатын сарай ылғал тартқандықтан балалар жиі ауыратын болған. “Жұмыс істегіміз келеді, ауылдан болсын, балаларды өсіру үшін ойланып отырмыз. Тек үйіміз болса, әрі қарай көтеріп жіберсе, әрі қарай кетерміз”, – дейді отағасы Азамат Қаражанов. Отағасы Азамат Қаражановтың сегіз сыныптық білімі ғана бар. Аналары да орта білімді. Жұмыстың жоқтығынан екі қолға бір күрек таппай отырмыз дейді. Отбасы алты жыл бұрын жер телімін алу үшін кезекке тұрғандарын айтады. Алайда тіркеу туралы шенеуніктер хабарсыз болып шықты. “Қаражановтар Ақшат ауылынан бізге келген жоқ. Арызды біз келген бойда, көп кідіртпей тексеру жұмыстарын жүргізуге кім болса да жағдайларын қарауға біз мамандарды жібереміз комиссия тексеріс жасайды. Содан кейін шешім қабылданып, қаншалықты олар мұқтаж, соған байланысты көмек көрсетіледі оларға”, – дейді әкім Бақұзақ Дарын. Сондай-ақ әкімдіктегілер отағасына  уақытша болса да жұмыс тауып беруге дайынбыз дейді. Тым болмағанда балаларын керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолдан келер көмекті беруден бас тартпайтындарын айтады.