Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

3477

Ағымдағы жылы 23 сәуірде өз жұмысын аяқтаған ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 196-шы сессиясында 2016-2017 жылдары Ұйымның қатысуымен аталып өтетін ағартушы тұлғаларға арналған еске алу, мерейтой шаралары мен тарихи және мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер Кеңестің шешімімен бекітіліп, құжат 2015 жылғы қарашада өтетін ЮНЕСКО Бас конференцияның 38-ші сессиясында қабылдау үшін жіберілді.

Соның нәтижесінде, Қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын атап өту (2016 жылы) және Алматы қаласының құрылғанына 1000 жыл (2016 жылы) толу шараларын атап өту көзделіп отыр.

Осы номинацияларды ілгерілету мақсатында Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі бірқатар делегациялардың қолдауын қамтамасыз етті. Солардың ішінде белсенділік танытқан Әзербайжан және Ресей делегацияларын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Атқарушы кеңестің 196-шы сессиясында Түркия ұсынған (Қазақстан, Әзербайжан және Қырғыстанның қолдауымен) Қожа Ахмет Яссауидың дүниеден өткеніне 850 жыл толуына байланысты іс-шара естелік даталар күнтізбесіне енгізілді.

qazaquni.kz