Головкин мен Чудинов жекпе-жегі 2016 жылдың көктемінде өтпек

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен ресейлік Федор Чудинов арасындағы жекпе-жек келер жылдың көктемінде өтетін болды. Бұл туралы ресейлік боксшының промоутері Владимир Хрюнов мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

af69829883922b92a880c6ab7806ff9e Боксшының айтуынша ұсынысты Головкиннің менеджері Олег Герман жасаған. “Ол жекпе-жекті биылғы жылдың күзінде ұйымдастыруды ұсынды. Алайда, бұл біздің жоспарымызға тура келмейді”, – дейді Хрюнов. Айта кетсек, Федор Чудинов 9 мамыр күні Германияда неміс боксшысы Феликс Штурмды ұпай санымен ұтып, екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымындағы чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Осы кездесуден кейін Чудинов қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлім етті.