Ольга Рыпакова 2016 жылы өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Шанхайдағы халықаралық жарыста Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүлделі үшінші орын иеленіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz.

bf134f60dcee9953e227acb99f062853 Ол қатарынан үш рет секіру сайысында 14 м 38 см нәтиже көрсеткен. Бірінші және екінші орындарды колумбиялық және украиналық спортшылар иеленді. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында Ольга Рыпакова әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықтылардың арасынан суырылып шығып, Олимпиада чемпионы атанған еді.