Мейвезер: Пакьяо сәтсіз және қорқақ боксшы

Америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер филиппиндік Мэнни Пакьяомен қарымта жекпе-жек өткізу туралы әлі ойланбағанын және қарсыласын қорқақ боксшы деп атап өтті.

600_cd461ec316e585a281771b55a670af8f “Иә, мен бұған дейін матч-реванш туралы сөз қоғаған болатынмын. Бірақ, қазір бұл ойымнан айнып отырмын. Өйткені, ол қорқақ және жолы болмаған сәтсіз боксшы. Егер ұтылып қалдың ба, оны мойындау керек” деді әйгілі боксшы Showtime телеарнасына берген сұхбатында. Айта кетейік, бұған дейін Мэнний Пакьяо өзінің иықтан алған жарақатын жекпе-жек алдында жасырып, салдарынан жеңіліп қалдым деп мәлімдеген болатын. Енді филиппиндік боксшы бұл әрекеті үшін қатаң жазалануы мүмкін. Егер Пакьяоның жалған сөйлегені дәлелденсе ол 2-4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы немесе өмір бойы бокстан шеттетілуі мүмкін. Естеріңізге салайық, 2 мамыр күні шаршы алаңда әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен филиппиндік даңқты боксшы Мэнний Пакьяо “ғасыр жекпе-жегін” өткізген болатын. 12 раундқа созылған кездесу нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Мэйуезер жеңімпаз деп танылған.