Жеңіс күні құрметіне «Ақ жол» депутаттары көгілдір ленталарын тағып барды

 Ak jol lenta

Жеңіс күнінің құрметіне «Ақ жол» депутаттары Мәжілістің пленарлық  отырысына қазақстандық-батырлардың аты жазылған көгілдір ленталарын тағып барды

Жеңіс күнінің құрметіне «Ақ жол» депутаттары кешегі Мәжілістің пленарлық  отырысына қазақстандық-батырлардың аты жазылған көгілдір ленталарын тағып барды. 2013 жылдан бастап «Ақ жол» партиясы көгілдір ленталарды Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні мемлекеттік мерекелерінің, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында тарата бастағанын еске сала кетейік. Георгиев лентасына байланысты, «Слуги народа» бағдарламасына белгілі журналист Антон Платоновпен  өткен жылдың сәуір айында «Ақ жол» көшбасшысы Азат Перуашев қатысып, оның Украинадағы ағайындардың бір-бірін өлтірген соғысы кезінде қолданылуы рәміздің беделін түсіргенін атап өтті. «Сондықтан да біз георгиев лентасынан бас тарттық және  біздің туымыздың оюларының кесінділері бар және қазақстандық – батырлардың аты-жөні жазылған көгілдір ленталарды дайындадық. Әрине, бұл бүкіл Кеңес Одағының, бірақ оған қоса қазақ халқының да жеңісі, - деп қосты ол. Биылғы жылы осындай ленталардың  шығарылуы бұқаралық сипатқа ие болды – ұқсас ленталар басқа да қазақстандық ұйымдармен таратылып жатыр. Әлемді фашизмнен босатқан ардагерлерге ризашылығын білдіру ишаратымен, «Ақ жол» партиясы қазақстандықтарды Туымыздың бір бөлшегін – Еске алу көгілдір лентасын киімдеріне тағып алуға, сөмкелеріне немесе автокөлік антеннасына байлап алуға шақырады. «Бүгінгі біздің акциямыз -  Отан Соғысында Жеңіс үшін бәрін берген адамдарды еске алып, құрмет көрсету, алғыс білдіру. Біз өмір үшін ажалды шайқасқа барғандарды, тылдағы өзінің қаһармандық еңбегімен  Жеңісті жақындата түскендерді есте сақтаймыз», - деп атап өтті партия көшбасшысы Азат Перуашев. «Аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлының, Төлеген Тоқтаровтың, Нұркен Әбдіровтың, Талғат Бигельдиновтың, Рахымжан Қошкарбаевтың, Қасым Қайсеновтің, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Хиуаз Доспанованың  және мыңдаған басқа батырлардың ерліктерінің арқасында, жалпы жеңіс қазақ халқының да жеңісі болды», - деп санайды «ақжолдықтар». Бастапқыда еске алу лентасы «Ақ жол» партиясының мүшелері үшін оның эмблемасымен шығарылған болатын. Бірақ көптеген басқа азаматтардың сұрауымен, «Ақ жол» ҚДП логотипінсіз қосымша ленталар топтамасы дайындалды. Жеңіс күнінің қарсаңында партия белсенділері адамдардың көпшілік жиналған орындарында ленталарды таратады. 2015 жылдың 7 мамыры, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

qazaquni.kz