Назарбаев Ішкі істер министрінің шенін жоғарылатты

Қазақстанда 7 мамырда мерекеленетін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

photo_157118 Генерал-лейтенант әскери атағы Бижанов Олег Әбутәліпұлына берілді. Генерал-майор әскери атағы Ақтанов Қайрат Михаилұлына, Дәндібаев Тимур Тұрарұлына, Каскеленов Андрей Достаевичке, Мыңжанов Қайрат Тұрсынайұлына,Садықов Қайрат Әнуарбекұлына, Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлына,Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлына берілді. Авиация генерал-майор әскери атағы Қосанов Дәурен Жұматайұлына берілді. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Ақшаев Асқар Артықбайұлына, Кенжебеков Ақдарбек Көкежанұлына, Кұрманәлиев Сәбит Тұңғышбайұлына, Мәжілов Нұрлан Тұрарбекұлына, Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлына берілді. Полиция генерал-полковнигі атағы Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына берілді. Полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы Демеуов Марат Ғанұлына берілді. Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Әбләзімов Махсұдхан Нұғманұлына,Бақтыбаев Жанарбек Телібекұлына, Бисенқұлов Берік Байболұлына,Қожаев Марат Шәдетханұлына, Ұрымханов Мұрат Жәлелұлына берілді. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлына, Исадилов Мұратбек Кұсайынұлына, Миразов Ғабит Төреұлына, Тайымбетов Бағбанға, Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына, Тілеуғалиев Ыбырай Әшімханұлына, Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлына берілді.