Нұрәлі Әлиев “ғасыр жекпе-жегін” Майк Тайсонмен бірге тамашалады

Лас Вегастағы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мейвезер арасындағы “ғасыр жекпе-жегі” өткенін хабарлағанбыз. Spletnik.ru тілшілері Мейвезердің жеңісімен аяқталған жекпе-жекті тамашалауға келгендердің арасынан Астана әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевті де байқап қалған екен.

Бұл туралы ztb.kz сайты жазады.

Еске сала кетсек, “ғасыр жекпе-жегі” деп аталып кеткен тарихи кездесуге кіру билеттері 1,5 мыңнан 7,5 мың долларға дейін сатылды. Ал алыпсатарлар бағаны тіпті аспандатып жіберді. Билет сатумен айналысатын сайттардың бірі алдыңғы қатарлардың билетін 50 мың долларға дейін, ал басқа сайт 100 мың долларға дейін сатқан. Танымал әнші Джастин Бибер модель Шанина Шейкпен бірге келсе, Дженнифер Лопес Каспером Смартпен бірге тамшалады. Әлі нақтыланбаған деректер бойынша, ол жас жігітпен жуырда өмірін байланыстырмақ. Еске сала кетсек, “ғасыр жекпе-жегі” 3 мамырда болып, Флойд Мейвезердің жеңісімен аяқталды. Мейвезер салмақ өлшеміне қарамастан, әлемнің ең үздік боксшысы атанды. Ringside At "Mayweather VS Pacquiao" Presented By SHOWTIME PPV And HBO PPV Бұған дейін Нұрәлі Әлиев Геннадий Головкиннің жекпе-жегін де тамашалаған болатын. Әйгілі кездесуге әкім орынбасарынан өзге де танымал адамдар келген. дженифер лопес и каспер смарт2222 Дженнифер Лопес пен Каспер Смарт Гэбриэл Юнион, Дуэйн Уэйд, Ким Кардашьян и Канье Уэст Гэбриэл Юнион, Дуэйн Уэйд, Ким Кардашьян мен Канье Уэст джастин флойд444 Джастин Бибер мен Флойд Мейвезер дрюбэримор5555 Дрю Бэрримор эдриан7777 Эдриан Броуди Ringside At "Mayweather VS Pacquiao" Presented By SHOWTIME PPV And HBO PPV Бен Аффлек