Елбасы Қазақстанның дамуына қауiп төндiретiн 5 жаңа сын-қатердi атады

29 сәуір

Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде мемлекет басшысы Қазақстанның дамуына қауiп төндiретiн 5 жаңа сын-қатердi атап өтті.

Нурсултан Назарбаев «Үлкен жауапкершiлiкпен ел халқын алдағы дамуымызға әлi де қауiп төндiретiн 5 жаңа сыртқы сын-қатер туралы ескерткiм келедi. Бiрiншi қатер – әлемдiк дағдарыс, дүниежүзiнде жалпы белгiсiздiктiң өсуi. Жаңа түрдегi қақтығыстар әлемдiк қауiпсiздiк жүйесi үшiн үлкен сын болып отыр, әлемдiк аренада экстремизм мен зорлықты пайдаланатын жүйесiз ойыншылар пайда болды. Екiншi сын-қатер – әлемдiк экономиканың турбуленттiгi жалғасып отыр», – дейдi Қазақстан президентi. Елбасы атап өткендей, санкциялық, валюталық және сауда соғыстары әлемнiң барлық елдерiнде жағдайды ушықтырып жатыр. «Үшiншi, климат өзгерді, әлемде түрлi катаклизмдер орын алып жатқанын көрiп отырмыз. Төртiншi, Орталық Азия, яғни бiздiң өңiрге әлемдегi күйзелiстiң жаңа бағыттары әсер етуi мүмкiн, бұл бүкiл өңiрге қатер төндiруi ықтимал. Бесiншi, жаһандық дағдарыс, әлемдiк экономиканың тұрақсыздығы осы қауiп-қатерлермен күрес бойынша халықаралық жүйеге күмән тудырып отыр. Бiзге осы сын-қатерлерге жауап беру керек», – дейдi Нұрсұлтан Назарбаев. Еске сала кетейік, бүгін президент Қазақстан халқының алдында бесінші рет ант берді.