Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы атанды

Этникалық қазақ Болат Зәкіриянов Ресей президенті әкімшілік қоғамдық тамақтану бас басқармасының жетекшісі атанды, деп хабарлайды дереккөз.

Photo: Этникалық қазақ Кремльдің бас аспазшысы атанды “Этникалық қазақ Болат Зәкіриянов Ресей президенті әкімшілігінің қоғамдық тамақтану бас басқармасын басқарды. Соңғы уақытта оның Краснодар аймағы Геленджик курорт-қаласы думасының төрағасы болғаны белгілі, ал одан кейін – Ресей  президенті істері басқармасының “Рублёв-Успен сауықтыру кешені” федералды мекемесінің бас директоры қызметін атқарған”, – деді әңгімелесуші телефон арқылы.

Істер басқармасының ресми сайты хабарлағандай, оған Мәскеу түбіндегі ең үздік пансионаттар мен саяжайлар кешені: 70 жылдан астам тарихқа ие, өмір сүру үшін жайлы жағдай жасалған Петрово-Дальнее, Архангельское, Успенское, Горки, Барвиха, Жуковка, Николина гора, Усово, Ильинское және Маслово кіреді. Болат Зәкіриянов Павлодар облысы әкімінің орынбасары және Петропавл қаласының әкімі болған Төлеген Зәкірияновтың інісі болып келеді.