Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныстың ортақ жүйесін құрады

Мәскеудегі кездесуде Қазақстан және Ресей Қорғаныс министрлері екі ел әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесін құратыны туралы да мәлімдеді.

Photo: Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесін құрады Иманғали Тасмағамбетов қос елдің әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай жүйесін құруға қатысты заңдық процедуралар аяқталғанын хабарлады – деп, Қазақпарат жазды.

“Енді, жүйені іс жүзінде құру мәселесі тұр”,- деді Қазақстанның Қорғаныс министрі. Аталған жүйені басқарушы әзірге тағайындалған жоқ. Алайда, Тасмағамбетов үміткерге қатысты шешімге Ресей президентінің қол қойғанын жеткізді. Енді құжатқа Қазақстан президентінің қолы қажет. Бұдан бұрын хабарланғанындай, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерін Қазақстан және Ресей президенттері тағайындаған қолбасшы басқарады. Аталған өңірлік жүйенің командалық пункті Алматыда орналасады деген жорамал бар.