Мәскеудегі наразылар пикеті

Ресей астанасында оппозиция белсенділері жалғыз адамдық пикеттер өткізді. Мәскеу билігі қала орталығында «Бейбітшілік пен азаттық шеруін» өткізуге рұқсат бермей қойған соң оппозиция жалғыз адамдық пикеттер ұйымдастырып, соңынан оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге гүл қоятындарын мәлімдеген.

Тверь көшесінде пикетке қатысқан төрт адам – Павел Кузнецов, Михаил Лашкевич, Виктор Андреев және Ирина Калмыкова ұсталған. Кузнецов пикетте қолына «Путин – бүгінгі Гитлер» деген жазу ұстап тұрған. Артынан оларды босатқан. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

1

Оппозицияның наразылық акциясы - жалғыз адамдық пикет өткізуге келгендер. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

2

20-ғасырдағы Германия мен 21-ғасырдағы Ресейді салыстырған суреттер мен "Гитлерсіз Германия жаңарды, Ресейге де жаңаруға мүмкіндік әлі бар" деген жазу ұстаған әйел адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

3

"Билік ауысуы тиіс" деген жазу ұстап тұрған адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

4

Ресейде сөз еркіндігінің жоқтығын меңзеп аузын таңып алған ер адам наразылық пикетінде. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

5

Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың суреті мен "Ресейге озбырлық емес, заң керек" деген жазу ұстап наразылық пикетінде тұрған ер адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

6

Жалғыз адамдық пикетке "Украинаға басқыншылық - Ресейге опасыздық" деген жазумен шықкан адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

7

Наразылық пикетінде "Бауырлас Украинамен соғысқа жол жоқ!" деген жазу ұстап тұрған адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

8

"Бейбітшілік пен азаттық үшін!" деген жазу ұстаған пикетші. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

9

Жалғыз адамдық наразылық пикетіне шыққан әйел "Мариуполь - ол Украина" деген жазу ұстап тұр. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

10

Қастандық құрбаны болған ресейлік оппозиция жетекшісі Борис Немцовтың суреті бар қағазға: "Бористің төгілген қанын өздеріңнің қара қандарыңмен ешқашан жуып кетіре алмассыңдар" деп жазылған. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

11

Бір кісілік пикетте "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін" деген жазу ұстап тұрған адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

12

Бір кісілік наразылық пикетінде "Путин мен оның бандасы өлтіріп жатыр" деген жазу ұстап тұрған әйел адам. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

13

Сталиннің ісіне ұқсайтын Путиннің "азат ету" саясаты өшпенділік туғызатынын айтып, "Әлемге керек емессіңдер" деген жазу ұстап тұрған пикетші. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

14

Ресей абақтысында қамауда отырған украиналық әскери Надежда Савченкоға бостандық беруді талап еткен жазу ұстап тұрған әйел. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

15

Жалғыз адамдық пикеттер өткен күні ол маңда "Новороссия" деген жазуы бар белгі тағып, Георгий лентасын байлаған адамдар да жүрді. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

16

Мәскеуде жалғыз адамдық пикеттер өткізгендер акция соңынан биыл ақпанда оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге келіп гүл қойды. Мәскеу, 19 сәуір 2015 жыл.

www.azattyq.org