Малайзия премьерінің әйелі Кесікбаевтар сыйлаған 6,5 миллион долларлық жүзік үшін тергелуде

malaizia-1

Малайзия жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Абу Кассим Мохамед тексеріліп жатқан отбасындағы адамдардың лауазымынан аталған ведомствоның қаймықпайтынын жеткізді.

19.04.2015  АЛМАТЫ. 19 сәуір.  Малайзия премьер-министрінің әйелі Росман Мансордың басы бәлеге қалды. Оған қазақстандық туысқандары сыйлаған жүзік себеп болып отыр. Бұл туралы newstop.kz хабарлады. Сақинаға Малайзияның жемқорлыққа қарсы басқармасы шүйлігуде. Себебі, аталған зергерлік бұйымның құны 6,5 миллион долларды құрайды. The New Straits Times басылымының хабарлауынша, гауһартастармен көмкерілген жүзікті премьер-министрдің Қазақстандағы құдалары сыйлаған. Айта кетейік, наурыз айында Данияр Кесікбаев есімді Қазақстан азаматы Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджвеге үйленген еді. Екі жас 2011 жылы АҚШ-та оқып жүрген кезде танысқан. Ал дауға себеп болған жүзікті күйеу жігіттің туыстары келіндеріне сыйлаған деген дерек бар. Малайзия жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Абу Кассим Мохамед тексеріліп жатқан отбасындағы адамдардың лауазымынан аталған ведомствоның қаймықпайтынын жеткізді. «Егер біз Росманға қатысты тергеу жұмыстарын қолға алсақ, оны жүргізуден қорқады деп ойлайсыздар ма? Әлде соған жол беретін біреу бар ма?», – деді Кассим Мохамед жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Алайда, ол тергеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны туралы нақты еш нәрсе айтпады. Бұған дейін басқарма басшысы осы іске қатысты премьер-министрдің өзімен ұзақ уақыт сөйлескенін айта кетейік. Талғат Сүйінбай. Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/19/58123 malaizia qudalar