Назарбаев пен Ердоған Түркістандағы жаңа мешітте намазға жығылды

Қос елдің басшылары Түркістанда тәу етті! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі әлеміне ортақ қасиетті мекенде 15 жыл бойы салынған мешіттің ашылуына қатысып, намазға жығылды деп хабарлайды КТК арнасы.

1024x814x14292631398tshy-620x400.jpg.pagespeed.ic.EYWOyQ16CG Сыйымдылығы үш мың адамға арналған Алла үйін салу жалпы Түркістанның 1500 жылдығын тойлау кезінде келісілген. Аумағы екі гектар жерді алып жатқан мешіт құрылысына түріктер 2 миллиард теңгеге жуық қаржы құйыпты. Көркі көз тартар зәулім мешітте жұма намазды оқып шыққан мемлекет басшылары ары қарай Әзірет Сұлтан кесенесіне барып, құран бағыштады. Одан соң Қазақ-Түрік университетінің шәкіртерімен жолығып, ол жерде Ердоғанға осы оқу орнының құрметті профессоры атағы берілді. “Әлемдік саяси аренадағы жағдай бәрімізге мәлім. Украина, Сирия, Ирак секілді елдердегі дүрбелең халықаралық жағдайды шиеленістіріп тұрған тұста туыстық, достық қарым-қатынасымызды мықтай түсуіміз қажет. Мен өзімнің және Түркия мемлекетінің атынан қазақтарға алғыс білдіргім келеді”, – дейді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.