"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

САҢЛАҚ САЯСАТКЕРДІҢ САЗДЫ ӘНІ немесе МИЛЛИОНЫНШЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛҒАНЫМА ҚУАНДЫМ (аудио-видео)

 

 

Мен былтыр күзде саңлақ саясаткер, руханиятқа қамқор рухы биік қайраткер Иманғали Тасмағамбетовтың осы «Дос керек» әнін ғаламтордан тауып алып, тыңдап едім. Сонда «Сіз 999 999-шы тыңдаушысыз» -деген орысша жазу шығып, интернет сыйлыққа танымдық ойын ұсынды. Одан біраз телефон балансына бірлік ұтып алдым. Содан соң қайта-қайта тыңдайтын болдым… яғни, 1000 000-шы, 1000 001-ші, 1000 100-ші… дегендей. Сонда Имаш ағаның бұл керемет әуезді, қоңыр дауысты әнін тыңдағандар миллионнан да асып кеткен екен ғой деп ойлап, өзім миллионыншы болғаныма қатты қуандым…

Шіркін, Әнді бұлай шынайы сезім, шын жүрекпен шырқай білу зор бақыт қой!.. Сондықтан бұл әнді телефонына қойып қойғандар өте көп…  Әннің авторлары ақын Шөмішбай Сариев пен композитор Владимир Питерцев болуы керек қателеспесем…

imangali 6  Жалпы, билік басында жүргендердің қазақ әніне, әдеби-мәдени әлеміне жақын болуы елдің ықыласын оятатыны анық.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлпар мен домбыраның құлағында қатар ойнайтыны қалың елге мәлім. Қазақ қаламгерлерінің  қабырғалы шығармаларын түгел оқитын, кез-келген халық әнін, әсем әндерді жатқа айтатын Елбасының әсіресе, Иманжүсіптің әнін керемет орындағанын ғаламтордан көрген ел қатты разы болған еді…

Имаш ағаның достарына адалдығы, қамқорлығы ел ішінде ерекше ықыласпен айтылады. Ол достарының ішінде әйгілі әдебиет пен мәдениет тарландарынан қарапайым ауылдағы кластастарына дейін бар.  Осы әсем айтылған әнді тыңдағасын, мен талайдан бері аздап ренжіп, хабарласпай кеткен ауылдағы досым Батырға  хабарласып, телефон соқтым… Арадағы кірбің лезде шайылып шыға келіп, шайдай ашылған  көңілмен шәйі орамалды кептіріп,  емен-жарқын әңгімелесіп кеттік…  Мен оған сөзімнің соңында «Сен мына әнді тыңдашы» деп, телефонына осы Имаш ағаның  орындауындағы «Дос керекті» жібердім.  Жарты сағаттан соң, «Сенің неге телефон соққаныңды енді түсіндім… Бұл әнді мен бірінші тыңдағанда өзім бірінші хабарласар едім… Алдымен Имекеңе рахмет, содан соң саған досым,  ризамын» -деп ағынан жарылды ол да… Бұндай оқиға тек менің ғана басымда болмағанына айқын сенемін…

Ән мен әнші құдіреті деген осы!  «Егер Имекең әнші болып кеткенде қазіргі жұлдыздарымыз қайтер еді»-деген де ой келеді. Бірақ, құдай сақтап, саясаткер болғанына Аллаға шүкір. Әйтпесе, дарынға бай қазақта әншілердің саны бір адамға көбейгенімен,  саусақпен санарлық саясаттағы саңлақ тұлғалардың арасында  орны ойсырап тұрар еді…

Алаштың маңдайына біткен ақберен тұлға, асыл ағамызға Алла жар болсын  деп тілейік!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

 

ДОС КЕРЕК

Cөзі – Ш.Сариев, әні -В.Питерцевтікі

Жалғаныңан жалыққанда дос керек.
Сағыныштан зарыққанда дос керек.
Арман алыс уміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып камыққанда дос керек.

Кіші-үлкенмен келісуге дос керек.
Мауқың басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!

Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайынмен теңесуге дос керек.

Зәбір көріп, айырылғанда дос керек.
Табанынңан тайдырғанда дос керек.
Қорлык көріп, қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!

Жапырақты жаярыңда дос керек.
Өміріңнің баянында дос керек.
Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.

Дұниенің жалғанында дос керек.
Қанатыңның талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

Қайырмасы:

Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
Бұл дуниеде саған досым-ай,
Саған досым-ай, саған досым ризамын!
Саған досым ризамын!





61 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Махамбет 16 Сәуір, 2015, 12:27

    Не деген керемет айтады әнді! Әнші болса да, әйгілі әнші болар еді деп ойлаймын

  2. adil Author 16 Сәуір, 2015, 13:03

    САҢЛАҚ САЯСАТКЕРДІҢ САЗДЫ ӘНІ немесе МИЛЛИОНЫНШЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛҒАНЫМА ҚУАНДЫМ. https://qazaquni.kz/?p=35255

  3. нуря шуря 16 Сәуір, 2015, 13:59

    Иманғали Тасмағамбетовтың көпшілік біле бермейтін тамаша әні. Бұл әнді алғаш естіген адамдар таңданысын да білдіруде.

  4. Іңкәр 16 Сәуір, 2015, 14:04

    Қайта-қайта тыңдай бергім келеді! Мен де телефоныма жазып алдым. Иманғали ағаға көп рахмет!

  5. Ей-Назар Назаралы 16 Сәуір, 2015, 14:05

    Ғажап ән екен! Бірінші рет тыңдаппын… Қандай әсерлі сезіммен айтады!…

  6. Гүлмира 16 Сәуір, 2015, 16:42

    Елімізде «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттер бар десек, соның бірегейі Иманғали Тасмағамбетов десек артық айтқандық емес. Елі үшін еткен еңбегі, Астана қаласын гүлдендіруге қосқан үлесі, қорғаныс саласының жұмысына жан бітіргені бәрін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Ал, бүгінгі ән шырқауы жәй ғана әу деп жұлдызбен деп кеудесін керген талайды жолда қалдырды. КЕРЕМЕТ АҒА!!! Елі үшін туған сіздей ерлер аман болсын!

  7. Қазақ қызы 16 Сәуір, 2015, 17:03

    Шындығында да, достардың арасындағы кірбіңді жазуға ықпал етерлік әдемі де әуезді ән…Осы әнді тыңдап қаншама достар табысқаны сөзсіз…

  8. Әлем 16 Сәуір, 2015, 17:20

    Достардың арасын жақындатып, араздасқанды қосатын тағылымды да, тартымды ән екен! Иманғали ағаның достарында арман жоқ шығар…

  9. Әлем 16 Сәуір, 2015, 17:53

    ДОС КЕРЕК

    Жалғаныңан жалыққанда дос керек.
    Сағыныштан зарыққанда дос керек.
    Арман алыс уміт ұзап жеткізбей,
    Жалғыз қалып камыққанда дос керек.

    Кіші-үлкенмен келісуге дос керек.
    Мауқың басып көрісуге дос керек.
    Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
    Қуанышты бөлісуге дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!

    Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
    Ақылдасып кеңесуге дос керек.
    Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
    Ағайынмен теңесуге дос керек.

    Зәбір көріп, айырылғанда дос керек.
    Табанынңан тайдырғанда дос керек.
    Қорлык көріп, қаумалаған көп иттен,
    Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!

    Жапырақты жаярыңда дос керек.
    Өміріңнің баянында дос керек.
    Бақұлдасып қалу үшін армансыз,
    Ғұмырыңның аяғында дос керек.

    Дұниенің жалғанында дос керек.
    Қанатыңның талғанында дос керек.
    Қуанатын жүрегімен сен үшін,
    Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

    Қайырмасы:

    Дән риза менің нәзік гүл жаным,
    Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.
    Бұл дуниеде саған досым-ай,
    Саған досым-ай, саған досым ризамын!
    Саған досым ризамын

  10. Батыр 16 Сәуір, 2015, 19:41

    Тамаша айтыпты!Алғаш маған телефоныма жібергенде тыңдағанымда таң қалғаным рас. Имекең сөйлегенде де дауысы диктордың дауысындай екеніне қарап, әнді жақсы айтатын шығар деп ойлап жүр едім. Түйсігім алдамапты, әнді әдемі де, әсерлі айтады екен!

  11. Қолқоюсыз 16 Сәуір, 2015, 19:42

    Керемет! Сөз жоқ айтарға!

  12. Динара 16 Сәуір, 2015, 20:43

    Тамаша ан! Имангали агамыз 8 кырлы 1 сырлы азамат екен гой. Менин билгим келетини анди кай досына арнады екен? ))

  13. раха 16 Сәуір, 2015, 21:28

    Жаксы…

  14. Умбетов Абдиманап 17 Сәуір, 2015, 18:05

    Әнде, орындаушысыда КЕРЕМЕТ!!!!

  15. Мадияр 17 Сәуір, 2015, 19:18

    Имекеңдей азаматтар қазақтың маңдайына біткен ірі тұлға ғой! Ол кісінің мәдениетімізге, тарихымызға, тілімізге сіңірген еңбегі зор! Көптеген мәдениет қайраткелеріне қамқор болып жүрген адам. Осы әнінен-ақ ол кісінің қандай екенін білуге болады!

  16. Қазыбек Author 17 Сәуір, 2015, 22:52

    Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласы әкімі кезінде Республика сарайында есеп беру жиынында бір орыс кемпір тұрып алып: «Орталық мешіттің қасында тұрамыз, күніне бес рет азан шақырып, мазамызды алады» – деп шағымданды. Сол кезде Имекең бірден: «Егер алтыншы рет азан шақыратын болса, тіке маған айтыңыз, дереу шара қолданамыз» -деп сарт еткізді. Ел ду-у ете қалды. Азанның 5 рет шақырылатынынан хабары жоқ әлгі кемпір қайта-қайта рахмет айтып, риза болып кетті. Иә, Имекеңнің осылай қынаптан қылыш суырғандай тіліп түсетін тапқыр да, өткір жауаптары ел аузында жүр.

  17. көгжал 19 Сәуір, 2015, 21:12

    керемет, бәрі қарапайым түсінікті…

  18. Қолқоюсыз 21 Сәуір, 2015, 19:47

    Имекең айтқан бұл әнді Достықтың гимні деуге болады!

  19. Рашит Ахетұлы 21 Сәуір, 2015, 19:48

    Ғажап ән екен! Қалай керемет айтады Имекең!

  20. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2015, 16:10

    Мен де ақыры үйреніп алдым бұл әнді. Рас имекеңдей айту қайда?!

  21. Қолқоюсыз 22 Сәуір, 2015, 16:11

    Нотасы бар ма екен? қайдан табуға болады?

  22. Aygera 25 Сәуір, 2015, 13:07

    Бірлігі жарасқан қазақты ешкім жеңе алмаған, сондықтан да ертен сайлауда ат салысып толық барып таңдау жасайық, ағайын!

  23. Рәш 5 Мамыр, 2015, 14:36

    Бар жұмыстан шаршағанда, достарымды аңсағанда Иманғали ағаның осы әсем әнін тыңдай бергім келеді.

  24. марина 18 Мамыр, 2015, 11:01

    керемет! Имаш аға ден саулығыңыз мықты болсын, шыдамдылық- төзімдік тілеймін

  25. Шолпан 2 Шілде, 2015, 03:36

    Басынан не қиын кез өтті ғой.Халықтың бабын табу оңай емес. Астанада əкім боп тұрғанда сходта екеуміз ренжісіп қалып едік.Жігіттік сөзінде тұрып бүкіл проблема ны шешіп берген.Келесі сходқа барып сол сөздерім үшін кешірім сұрайын десем ауысып кетті. Осы менің кешірім сұрағанвмды жеткіз ген кісіге өле – өлгенше батады беріп өтемін

  26. Бағдат 11 Шілде, 2015, 02:27

    Иманғали ағамызға аңгіме жоққо ер-азамат болсаң осы кісідей болу керек, əн салғаны үшин емес жалпы….

  27. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:33

    гәп тасмағанбетовқа елдің сенуінде деп оилаймын

  28. Сембек Сансызбайұлы 30 Шілде, 2016, 16:35

    Имеке жалпы қазақтың жүрегінің төрінен орын алған Сіздей ел қамқоршысын енді еліміздің қорғаныс уәзірі етіп сайлағанына Елбасымызға мың алғыс! Имеке қазіргі алмағайып заманда Сізді еліміздің қорғанысы саласын күшейтеді деп сенеміз! Алла қолдап, қорғап жүргей Сізді әрдайым, әумин!

  29. Сенбек Сансызбайұлы 30 Шілде, 2016, 16:40

    Елге тисе пайдасы,
    Ол жігіт шалқар көлмен тең.
    Тимесе елге пайдасы,
    Ел қонбайтын шөлмен тең!-дейді халқымыз даналығы. Құрдасым Иманғали менің 12 жылдан бері үйсіз, күйсіз жүрген оралман екенімді қайдан білсін. Білсе қол ұшын созатын азамат қой ел үшін еңірейтін!

  30. Махамбет 30 Шілде, 2016, 16:47

    Егер Имекеңдей оншақты оғлан болса, мемлекетіміз қазақыланып, қарыштап кетер еді…

  31. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:48

    Нөмірі бірінші саясаткер – Иманғали Тасмағамбетов. Рейтинг көрсеткіші осылай.

  32. Бейсенбаев Сағындық 30 Шілде, 2016, 16:49

    И.Тасмағамбетоытың ең бірінші саясаткер екенін растаймын. Ол шын мәнінде қазақ елінің адал азаматы екенін дәлелдеп, сол жөнінде еңбек етіп келе жатқан халқымыздың аяулы ұлдарының бірі.

  33. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:50

    Астанаға көшіп келгеніме үшінші жылға кетті. Осы аз мерзімдегі өзгеріс кісіні таңғалдырмай қоймайды.Көшелер қандай, аулалар қандай! Автобустар қызметі.Ыстық, суық су бір үзілмейді. Суды шүмектен құйып-ап іше бер, дүкеннің сатулы суынан кем емес. Бір кездерде американдықтар үйде аяқкиімдерін шешу былай тұрсын, аяқкиімдерімен төсекке жата кетеді деп еститінбіз. Мәдениеттерінің өзгешелігі ғана емес, жүретін-тұратын жерлерінің кіршіксіз тазалығына байланысты екен ғой алдымен. Астана сондай күнге жақындап қалғандай.Шіркін,әкімдердің тым болмаса ширегі Иманғали мырзадай болса ғой. 2013 жыл

  34. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:51

    Жігіттер Имекеңді қазаққа берген қылған аллаһқа шүкіршілік қылайық.Ол да пенде,кемшілігі бар шығар,кемшіліксіз таза адам жағымпаздық пен парақорлық жайлаған қоғамда әкім, министр болу мүмкін емес.

  35. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:52

    Есімов екінші емес. Екінші Сапарбаев. Ал Иманғалиға әңгіме жоқ

  36. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 16:53

    Иә, енді Имекең “Мемлекеттік тіл туралы” ҚР Заңының қабылдануына ат салысса тамаша болар еді!

  37. Қолқоюсыз 30 Шілде, 2016, 17:13

    Қазір ел Нұрекең кететін болса, Иманғалиға ғана сенеді!

  38. Махамбет Ерғали 22 Қаңтар, 2018, 19:13

    101 394 адам оқыпты Иманғали Тасмағамбетов туралы мақаланы. Демек, имекеңе деген ел ықыласы зор екен деп білуге болады.

  39. Махамбет 22 Қаңтар, 2018, 19:13

    101 394 адам оқыпты Иманғали Тасмағамбетов туралы мақаланы. Демек, Имекеңе деген ел ықыласы зор екен деп білуге болады.

  40. Сұлтан Бекбосын 22 Қаңтар, 2018, 19:14

    Алыста жүрген арысымызға Алла жар болып, аман болсын!

  41. Саги Нияз 22 Қаңтар, 2018, 19:15

    Мен де осы әнді телефоныма жазып алғанмын.

  42. Анар Сейтжан 22 Қаңтар, 2018, 20:23

    Оте тамаша айтады екен! Журекке жеткизгенде денемде кумырска жургендей болды

  43. Сейткулов Нурбаян 22 Қаңтар, 2018, 20:28

    Имекенди казакка кудай берген. Ширкин елге кайта келип улкеннн орынга отырса деп армандаймыз. Кудай арманымызды орындай кор.

  44. Тоғайбай Нұрмұратұлы 22 Қаңтар, 2018, 21:51

    Қазақтың маңдайына біткен арда, асыл жан ғой. Болар елдің балалары бірін бірі батыр дейді демекші.. Қазеке сізге алланың нұры жаусын!

  45. Қолқоюсыз 22 Қаңтар, 2018, 22:59

    Бул анди естидим бирак ман бермептим онша.Казбек Исанын осы ан аркылы жакын досымен кауышканын окып.Осы оленди кайта тындадым.Сондай керемет асерде калдым.Доска деген шынайылыгына, бир биринин адалдыгына, осы ан аркылы тусингенине риза болдым. Агамыздын ани журектен журекке жетип жан дуниенди тербетеди.Анди бирнеше рет тындай бергим келеди. Имангали ага рахмер сизге!!! Коп жасаныз!!!

  46. Ултаракова Жаныл 22 Қаңтар, 2018, 23:00

    Бул анди естидим бирак ман бермептим онша.Казбек Исанын осы ан аркылы жакын досымен кауышканын окып.Осы оленди кайта тындадым.Сондай керемет асерде калдым.Доска деген шынайылыгына, бир биринин адалдыгына, осы ан аркылы тусингенине риза болдым. Агамыздын ани журектен журекке жетип жан дуниенди тербетеди.Анди бирнеше рет тындай бергим келеди. Имангали ага рахмер сизге!!! Коп жасаныз!!!

  47. Лəззат 23 Қаңтар, 2018, 00:42

    Əнді де осыншалық керемет айтады екенау. Иманғали ағаның қай жағынан алсаңызда тек жоғарыдан көрінеді, өмірі ұзақ болсын!

  48. Жұбаныш Жексенұлы 23 Қаңтар, 2018, 04:00

    Ассалаумағалайкум Аға! Мен де тыңдадым дәл осы әнді. Ағамыз талай әншілерден көш ілгері. Ән айта алу да ғажап қабілеттің бірі – деп ойлаймын аға. Сауатты адам ғой Имаш ағамыз. Өте жақсы жазыпсыз. Барды бағалап, жоғын жоқтап, әнге, әншілік өнерге әділ байлам айтатын өзіңізбен бір дәуірде өмір сүріп жатқаныма шүкір. Қаламыңыз мұқалмасын ылайым.

  49. Айгүл Нұрдыбаева 23 Қаңтар, 2018, 04:31

    2008 жылы бараева кошеси жабык асфальт тоселип жатыр, бурынгы президент орталыгынын айналасы да жонделип ,тас тосеп жаткан кез еди,ары карай Бараевты кесип отпекши болып кетип бара жатыр едим бир кок машина президент орталыгын айналып журди де койды.Маган отуиме кедерги келтирген секилди болып коринди, жол жабык неге айналшактап журсин дегендей ишарат билдирдим де кес -кестеп оте бердим.Машина токтап мени откизди , ишинен адам шыкканын естип артыма карасам Имаш агамыз роль жак есикти жауып жатыр , ынгайсызданганымда шек жок арине… танитын адамдай бас изеп амандасты да ,жумысшылармен сойлесип турды.Рольде ози жур,демалыс куни каланы ози аралап жондеуди бакылап жургени басшы адамнын жумысына шынайы куйiнуiнiн бир кориниси … аман болсын!

  50. Алият Аюпов 23 Қаңтар, 2018, 04:32

    Имекеңнің əн айтатынын бұрын естімеппін. Əртіс болса талай жұлдызды жолда қалдырғандай екен. Не деген керемет дауыс, тыңдай бергің келеді.

  51. Әлішер Әлқожа 23 Қаңтар, 2018, 04:34

    Жақсы əн екен.
    Тыңдадым. Сізге рахмет.
    Ой салатын əн. Дос керек адамға.
    Өлеңді осы жерден көшіріп алдым

  52. Күләйxан Досмаxанова 23 Қаңтар, 2018, 04:35

    Имангали казактын мне деген жигиттеринин бири бирегейи десем де артык болмас. Казагымнын мыкты жигиттери коп кой. Жаксы истерин естисек куанып тобемиз кокке жетеди

  53. Майра Сейтақынқызы 23 Қаңтар, 2018, 13:37

    Марқум Мустафа Өзтурікпен жақын дос болған екен Иманғали ағамыз маған сол кісі сағынып іздеп айтқандай естілді дауысы керемет екен

  54. Кәусар 23 Қаңтар, 2018, 20:49

    Не деген керемет орындау! Ғажап әнші екен ғой Иманғали ағамыз

  55. Төлен Тілеубай 23 Қаңтар, 2018, 20:49

    Ғажап əн! Ғажап орындаушы! Мұндай посттарды күллі ФБ бөлісуі керек. Өте шынайы, жылы, ізгі пост. Қазыбек аға, Алла разы болсын!

  56. Өтеулі Ақмұқанов 25 Қаңтар, 2018, 00:20

    Иманғали ағамыз Оралдың геофагында оқып жүрген яғни студент кезінде қолынан гитарасы түспеген сері жігіт болған Саған рахмет худграфтың түлегі Қазыбек бауырым

  57. Әбдімәлік Белгібай 26 Қаңтар, 2018, 23:08

    «Төрт аяғы тең түскен» деп су төгілмес жорғаларды суреттейтін еді бұрынғы қазақ атбегілері.Қай жағынан алып қарасаңда «тең түсіп» тұрған-Иманғали ағамыз қазақтың біртуар азаматтарының бірі ғой. Осындай жігіттерге еліңнің ертеңін сеніп тапсыруға болады деп есептеймін өз басым, басқада шаруам жоқ. Қай салаға салсаңда жарып шығатын Тасмағамбетов, Сапарбаев сынды, көп емес 20-30 жігіт болса талай тірлік оңынан бітер еді. Әрине, соғыссыз, жанжалсыз, қазіргі бейбіт өмірімізге мың да бір шүкір дейміз…

  58. Тоғайбай 26 Қаңтар, 2018, 23:10

    Мына шаласауатты әкім шымкенттің атын кірледі.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.