Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото)

Президенттерге қандай ас әзірленеді, болмаса, олардың аспазшылары кім деген сауал көпшілікті қызықтырары сөзсіз.

14 сәуірде тұсаукесері өткен “Астананың ақ дастарқаны” атты жаңа фотоальбом кітабы осы сұрақтарға жауап беруге тырысыпты. Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) “Астананың ақ дастарқаны” атты кітап Ақорданың мәртебелі асханасы туралы көп дерек беретін туынды деп хабарлайды BNews.kz. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шығып отыр. Авторлар мемлекет басшылары өзіміз ойлағандай “әлемде жоқ тамақтармен” емес, қарапайым, қолжетімді азық-түліктен даярланатын және рецептісін білсеңіз, өзіңіз де дайындай алатын тамақ түрлерін тұтынатындығын айтуда. Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) “Бұл кітапқа көп еңбек сіңірдік. Ақордадағы бүкіл аспазшылардың, жалпы асханадағы барлық қызметкердің тері төгілді. Кітапта жазып шыққан тағам түрлерін осы уақытқа дейінгі еңбегіміздің есебі ретінде ұсынып отырмыз десек болады. Кітапқа жазған тағам түрлері ең таңдаулы, яғни, мемлекет басшылары деңгейіндегі қонақтарға әзірленетін тағамдар. Жалпы, Ақорданың асханасында жасалатын тағамдардың арасында өте жоғары шеберлікті қажет ететін тағамдар бар. Яғни, ондай ас түрлерін пісіру үшін белгілі бір технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Бірақ, тағамдардың 70 пайызын оңай пісіруге болады”, – дейді кітап авторларының бірі, Президент ісінің басқармасы “Қаратөткел” РМК директорының орынбасары Артем Канцев. Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Кітап бес тараудан тұрады және қаладағы “Меломан” сауда желісінің дүкендерінде сатылады. Бірінші тарауында халқымыздың ғасырлардан бері келе жатқан ас дайындау дәстүрі, екінші тарауында әртүрлі елдердің, ұлы саясаткерлердің “асханасы”, үшінші тарауда жоғары лауазымды қонақтарға ас даярлаудағы Қазақстанның тәжірибесі, төртінші тарауда президенттердің жақсы көретін астары туралы айтыла келе, қорытынды бөлімде Ақорда аспазшыларының сұхбаты берілген. Кітаптың соңында Ақорданың рецептерін де оқи аласыз. Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Айта кетерлігі, Ақорданың аспазшылары үнемі шет елдерге барып тәжірибе алмасып, шеберліктерін жетілдіріп отырады. Былтыр шет мемлекеттерден оқудан өткен аспазшылары 50-ден астам жаңа ас түрін ойлап тапса, 2014 жылы Ақорданы асханасы 110 ресми қабылдау өткізген екен. Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото) Photo: Президенттерге қандай ас әзірленеді? (фото)