ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КУӘЛІГІН АЛҒЫҢ КЕЛСЕ - ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕН!!!

photo Елімізде 18 жасқа яғни толық Қазақстан азаматы болған кәмелет жасына толған шағында қолына куәлік беріледі. Сол куәлікпен кез-келген мемлекеттік құжаттарды рәсімдегенде, әкімшіліктік-азаматтық істерде, еңбек етуге, тіркеуге тұруға, кәсібіңді ашқанда заңды субьект ретінде қимылдауға мүмкіндік аласыз. Дұрыс, бірақ, меніңше, осы куәлікті алардың алдында міндетті түрде - мемлекеттік тілді, Ата заңды, әнұранды, мемлекеттік символдарды меңгергендігін анықтайтын ХҚО (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) арнайы емтихан есебінде қабылдайтын комиссия отырса?! Ұсыныстың маңыздылығы кез-келген азамат мемлекеттік білуі қажет талаптарды үйреніп шығады. Осылайша, біз ішкі азаматтық жауапкершілік бағытты мемлекетшілдік бағытта күшейтетін едік. Осыған дайындықты орта білім жүйесінде үлкен талаппен оқыта бастайды. Егер бала білмейтін болса, оқыған білім мекемелеріне үлкен сын әрі әкімшіліктік жауапкершіліктер орнатылады. Ал, бала комиссияның сұрауынан өтпесе, қайта дайындалып келеді. Кезінде Комсомолға өтер алдында, болмаса алысқа кетпей-ақ қоғамда көлік жүргізу куәлігін алар да "жол ережелері туралы" тәртіптерден емтихан өтесіз. Ал бұл куәлік алудағы сынақ сіздің қоғамдық-мемлекеттік өмір сүру тәртібін білудің негізі болмақ... Меніңше, азаматтың қазақ тілін еркін білуі, мемлекеттік символдарға құрметпен қарау, оларды жадында сақтау, оларды қоғамдық қатынастарда жауапкершілікпен жүргізе білуді орнатуда әрбір азаматтың тікелей парызы екендігін тәжірибе жүзінде жүргізсек, артық болмайтын еді...

Мақсат ЖАҚАУ,

qazaquni.kz