Тоқаев: Ұлы Отан соғысының тарихын саяси мүдделерге бола бұрмалауға болмайды

Ұлы Отан соғысының тарихын саяси мүдделерге бола бұрмалау жол бергісіз, деп есептейді парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Касым-Жомарт Токаев Сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарда атап көрсетілгендей, палата спикері Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы аталып өтетін жылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бастамасы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің астаналарында өтіп жатқан “Естелік эстафетасы” шарасына қатысушыларды қабылдады.

Шараға қатысушылар арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, депутаттар және ТМД ПАА мүшелері бар. “Естелік эстафетасы” шарасына қатысу Қазақстан үшін құрметті миссия екенін атап өткен cенат еөрағасы “Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Жеңістің 70 жылдығы – бұл күллі кеңес халқының фашизмге қарсы күрестегі ортақ жеңісі” екенін атап өтті. Ол Ұлы Отан соғысына 1,5 миллионнан астам қазақстандықтар қатысқанын, олардың 500-і Кеңес Одағының Батыры атанғанын, төртеуіне екі мәрте берілгенін, жүзден астам жауынгерлер Даңқ орденінің толық иегері атанғанын айтты. Тоқаев Қазақстан президенті Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнайы шаралар жоспары бекітілгені, 2015 жылдың қарсаңында Қазақстан президентінің ардагерлерді қолдау жөніндегі жалпы ұлттық шара мен “Жеңіске құрмет” марафоны өткені туралы хабардар етті. “Сенат төрағасының пікірінше, “Ұлы Отан соғысының тарихын саяси мүдделерге байланысты бұрмалауға болмайды, бұл әсіресе біздің еліміздегі қазіргі және жеткіншек ұрпақ үшін, олардың Ұлы Жеңістің тарихи маңызын дұрыс түсінуі ерекше маңызды”, – деп атап өтілген хабарда. Шараға қатысушылар “Естелік эстафетасы” шарасын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтты және Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелікті сақтау үшін жастарды отаншылдыққа тәрбиелеудің өзекті екеніне тоқталды.