АҚШ биліктің Назарбаевтан келесі президентке өтуі бейбіт түрде болады деп сенеді

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол Қазақстанда қазіргі іс басындағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан билік келесіге берілуі бейбіт түрде болады деген үмітте.

АҚШ биліктің Назарбаевтан келесі президентке өтуі бейбіт түрде болады деп сенеді

Джордж Крол

Ол бұл жайлы бейсенбі күні БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлім етті. Оның айтуынша, егер Назарбаев қызметінен мезгілінен бұрын кететін болса да бәрі бейбіт болады деген үміт бар. Елшінің айтуынша, президентті сайлау Қазақстанның ішкі ісі. "Мысалы, АҚШ-та президенттік сайлау болады... Енді екі жылдан соң. Сонда билікті Обамадан келесі президентке өтуін біз білмейміз, оның қазір кім екенін де білмейміз", - деді Джордж Крол. Бұл ретте ол Қазақстанда биліктің ауысу мәселесі "өте сезімтал" мәселе екенін атап кетті. "Тарих көрсетеді. Біз бәрі де Қазақстан халқның пайдасына шешіледі деп сенеміз. Әрине, АҚШ биліктің Назарбаевтан басқаға өтуін бейбіт түрде жүргенін қалайды", - деп тұжырымдады АҚШ елшісі.

Источник: КазТАГ